jasqazaq.kz

ҰҚК 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті

Бүгін, 11:10

 Биыл наурыз айында ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы заңсыз көші-қонға, контрабандаға және есірткі заттарының таралуына қарсы іс-қимыл бағытында бірқатар іс-шараларды өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Ақтөбе облысында жүк автокөлігінің тіркемесінде өткізу пунктінен жасырын өтуге әрекеттенген 18 шетел азаматы анықталды.
Солтүстік Қазақстан облысында «синтетикалық есірткілерді» дайындауға арналған көлемі 5100 литр прекурсорлардың ірі партиясы табылды. Жалпы, жыл басынан бері 9 620 литр химиялық заттардың («Тұз қышқылы», «Ацетон», «Фениппентан») және 1000 кг «Бромкетон-4» затының заңсыз тасымалдануының жолы кесілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған прекурсорлардың соңғы алушылары белгілі болып, есірткі зертханалары жойылды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында шекарашылар шетелге 1 млрд теңге сомасына 160 тонна кен мен бағалы металдар концентраттарын (құрамында алтын бар құм) заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
Аталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға жолданды.

 

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті