jasqazaq.kz

Ұйғыр этносының тілі мен өнері — рухани бірліктің көрінісі

19 қазан 2025, 15:13

Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Бірлік, татулық және ынтымақ – елдігіміздің мызғымас тұғыры һәм мемлекетіміздің басты құн­дылығы десек, Қазақстан халқы Ас­самблеясы осы идеология­ны сеніммен, жүйелі жүзеге асырып келеді.  Тұрақ­тылық пен бейбітшіліктің жаршысына айналған ұйымның мерейлі белесін мерекелеу аясында ел бойынша түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Шымкент қаласында «Ұйғыр тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі күні» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараны Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы ұйымдастырды.

Мерекеге Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Нүркен Әлімқұлов, сондай-ақ қаламыздағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.

Алдымен қатысушылар ұйғыр халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесін тамашалады.

Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының м.а Заңғарбек Үсіпахметов:

«Қазақстан халқы Ассамблеясы — бейбітшілік пен келісімнің символы. Біздің басты байлығымыз – ел ішіндегі татулық пен өзара құрмет. Осындай мәдени іс-шаралар арқылы біз бір-біріміздің дәстүрімізді, тілімізді, мәдениетімізді тереңірек танып, ортақ құндылықтарды нығайта түсеміз», — деді.

Іс-шараның салтанатты ашылуы «Ұмай» би тобының орындауындағы ұлттық «Кербез сылқым» биімен басталды. Кеш барысында ұйғыр мәдениетінің ерекше өрнегін көрсеткен өнер ұжымдары мен жас таланттардың орындауындағы ән мен би көрерменнің көңілінен шықты.

Одан кейін сахна төрінде Т.Молдағалиевтің сөзіне, С.Байтерековтің әніне жазылған «Жан досым» әні шырқалып, Алматы облысының Шелек ауданынан арнайы келген «Дастан» әншілер тобының әуезді әндері көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

JQ-Aqparat

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігі 

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді