jasqazaq.kz

Үйде — қолдау, қоғамда — құрмет

21 шiлде, 19:42

Шымкенттегі №7 үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 2025 жылдың басынан бері 928 адамға үйде қызмет көрсетті. Олардың қатарында егде жастағы өз-өзіне күтім жасай алмайтын қариялар, I және II топтағы мүгедектер, тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқуы бар ерекше балалар мен ересектер бар.

Орталықтың негізгі бағыты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үй жағдайында қолдау көрсету. Қызмет алушыларға медициналық, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, педагогикалық, құқықтық, мәдени, еңбек және экономикалық бағытта кешенді көмек көрсетілуде. Мамандар олардың әрқайсысының жағдайын жеке зерттеп, қажетті көмекті уақытылы ұйымдастырады.

Орталық қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жөргек, жаялық, тері күтіміне арналған құралдар, ортопедиялық аяқ киім, таяқша, балдақ, әлеуметтік такси, оңалту орталықтарына жолдама және басқа да техникалық құралдарға өтініш беруге көмек көрсетті. Жыл басынан бері нақты көмек алғандар саны артып келеді. Әрбір қызмет алушының қажеттілігі назардан тыс қалмайды.

Қызмет сапасын арттыру мақсатында Орталық құқық қорғау, білім, денсаулық сақтау және заңгерлік ұйымдармен ынтымақтастық орнатып, бірлескен жұмыс жүргізуде. Әлеуметтік қызметкерлер мен күтім мамандары қызмет алушылардың үйлерін тұрақты түрде аралап, фототіркеу арқылы есеп береді. 2025 жылы 354 қызмет алушымен жеке кездесулер өткізіліп, тұрмыс жағдайлары зерттелді.

Мерекелік күндер назардан тыс қалмайды. «Алғыс айту» күніне орай видео-роликтер мен кештер ұйымдастырылса, 8 Наурыз мерекесінде қарт аналарға азық-түлік себеттері таратылды. Тыл ардагерлеріне Президент Жарлығына сәйкес медальдар мен сыйлықтар тапсырылды. Ерекше балаларға арналған қалаішілік экскурсиялар, «RED BUS» автобусымен саяхат, Ташкент қаласына жол жүру, отбасылық саябақта дастархан ұйымдастыру сияқты көптеген шаралар қолға алынды.

Балаларға арналған 1 маусым мерекесі де кең көлемде аталып өтті. Зообаққа бару, концерттік бағдарлама, сыйлықтар мен тәттілер – бәрі демеушілердің қолдауымен жүзеге асты. Орталық балаларға тек көмек көрсетіп қана қоймай, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға ерекше мән береді.

Ғимараттың ішкі-сыртқы қолжетімділігіне де назар аударылды. Арбадағы азаматтарға арналған белгілер орнатылып, кіру аймағы қайта жабдықталды. Аула мен ішкі кеңістік абаттандырылып, гүлдер мен ағаш көшеттері отырғызылды.

Жыл ішінде әлеуметтік желілер арқылы орталық жұмысы туралы 118 бейнеролик жарияланып, халықпен байланыс нығайтылды. 2025 жылдың ақпанында Орталық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ресми лицензия алып, заңды түрде өз қызметін жаңа деңгейде жалғастыруда.

Орталық – тек көмек көрсететін мекеме емес, өмірге үміт сыйлайтын орын. Мұнда әрбір адам назарда, әрбір мұқтаж – қамқорлықта.

Бибайша Нұржанқызы, 

Шымкент 

Сурет: gov.kz

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды