jasqazaq.kz

ҮЕҰ-дар жақсылық жасауға ынталы

29 қараша 2017, 16:43

Оңтүстік Астанамызда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласының белсенді азаматтарының форумы өтті. Жиын Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Форумның негізгі мақсаты-өмірлік белсенді ұстанымы бар азаматтарды марапаттау. Халықтық азаматтық белсенділігін арттыру. Сондай-ақ қоғамдық және қайырымдылық қызметті дәріптеу болып табылады. Басқосуға мемлекеттік мекеменің өкілдері, ірі кәсіпкерлер, меценаттар, тарихшылар, мәдениет және спорт қайраткерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен еріктілер қатысты. Елу үміткердің ішінен іріктеліп шыққан, белсенділігімен ерекшеленген ең үздік 7 азамат «Алматы қаласының ең белсенді азаматы» номинациясымен марапатталды.

 

Соның бірі Гүлжан Наратауова «Жақсылық жасау ақша және уақытты қажет етпейді. Олай ойласаңыз қателескеніңіз. Тек қана ықыласыңыз бен ниетіңіз болса жеткілікті. «Жақсылық аналары» әйелдер қайырымдылық қозғалысы күн сайын қарттарға тегін нан акциясын ұйымдастырдық. Осының арқасында зейнеткерлер тегін нан алып, ақшасын үнемдей алды. Бұдан біз кішкене болсын көмегіміздің тигеніне шынайы қуанып жатамыз. Сіздер де жақсылық жасаңыздар. Өзіңізге ол міндетті түрде еселеніп қайтады. Жасаған жақсы әрекетіңізге орай материалдық тұрғыда болмаса да, ішкі жан дүниеңіз мейірімділікке өте бай, махаббатқа толы боларына сенімдімін» –дейді.


Басқосу барысында сөз сөйлеген Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов азаматтық белсенділік жағынан алып шаһардың көш бастап тұрғанын алға тартты. Сондай-ақ ол «Қаламызда жыл сайын осыған ұқсас үкіметтік емес ұйымдардың форумы өткізіліп тұрады. Үкіметтік емес ұйымдардың саны жөнінен, азаматтық белсенділік жағынан да қаламыз алдыңғы орында. Қазірдің өзінде мегаполисте 5 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымдар қызмет етеді. Қоғамдағы белсенді азаматтардың еңбегін ешкім елеп ескермейді. Олар да марапат талап етпейді. Дегенмен де біз мұндай игі істерді ескерусіз қалдырмаймыз»,- деді.


Ал Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице–президенті Бекнұр Қисықов та белсенді азаматтарға алғысын айтып, қажымас қайрат пен жігер тіледі. Ол «Рухани жаңғыру деген сөзге үңіліп қарар болсақ, жүрегіміздегі мейірімділікті ояту деген мағынаны білдіреді. Қазақ елінде бір-біріне қол ұшын созып, көмек көрсету ертеден қанда бар қасиет. Әрине алып шаһар белсенді азаматтардың қаласы. Сол себепті де ішінен санаулы ғана адамды таңдап алу өте қиын. Өйткені барлығы да қоғамға және адамға қызмет етуде. Қолынан келгенше жақсылық жасауда. Бүгінгі жобаның мақсаты да осы. Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасыту. Өзгеге үлгі ету»,- дейді.
Мұндағы іріктелген азаматтар арасында тек қана үлкендер емес, жастардың да еңбегі ескерілді. Жасаған жүйелі жұмысы жасынан асып түсетін 9 жастағы Давид №68 қазақ –неміс гимназиясының 3сыныбында оқиды. Ол өз үйінің ауласын қоқыстан тазартып, тұрғындар арасында әлеуметтік желіде акция ұйымдастырған. Мұндай марапат күптеген Давид қуанышын қалай жеткізерін білмей, ең алдымен кез келген уақытта қолдау білдіретін ата-анасына алғысын айтты. Бұған қоса ол «Мен қаламыздың тым болмаса кішкене аумағы таза болсын деген ниетте, көрші ауладағы қоқыстарды да тазаладым. Дегенмен бір ғана көшенің таза болып, қалғаны шашылып жатуына тағы болмайды. Бүкіл қала тап-таза болғаны бәрімізге де жағымды әрі жайлы әсер силары анық. Сол себепті жұмысқа жұмыла кірісейік. Өйткені таза қалада өмір сүру бұл біздің тіршілігімізді жақсартып, тынысымызды ашады» -дейді Д.Балтабаев.


Давидті марапаттаған Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов барлық азаматтарды жас балақайдан үлгі алуға шақырды. Ол өз сөзінде «Бұл белсенді азаматтар форумы оңтүстік Астанамызда шынымен де жаңа бір серпін беретін, ой тудыратын жоба деп айтуға толық негіз бар. Үлкеннен кішіге дейін өз жауапкершілігімен әлеуметтік белсенділігін жоғары деңгейде көрсете алуы арқылы оза шауып жатыр. Жасаған жақсылықтары бағалануда. Әрқайсысымыз кішкене ғана шапағатымызды тигізер болсақ, кімге жасағаның емес, өзіңе пайдалы әрі құнды боларын ойлауы қажет. Сондай-ақ әр істің астында үлкен бір мәні мен тәрбиесі жатуы тиіс»- деді.
                                                                           

Салтанат Шырынхан, Алматы қаласы

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда