jasqazaq.kz

XXVIII Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі өтеді

04 қараша 2025, 12:31

Биылғы 18–22 қараша аралығында Астана қаласында XXVIII Халықаралық «Шабыт»шығармашыл жастар фестивалі өтеді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін Қазақстандағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі.
«Шабыт» фестивалінің мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.
Фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары қатыса алады.
Номинациялар:
1. Камералық хор. Хор дирижері
2. Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік
3. Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано)
4. Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы)
5. Эстрадалық вокал (дуэт, трио)
6. Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика)
7. Поэзия (үздік әдеби шығарма)
8. Креативті бағыт
Өтінім 2025 жылғы 5 қарашаға дейін қабылданады.
JQ-Aqparat

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді