jasqazaq.kz

«Warner Bros» қаржы пирамидасы ісі бойынша сот үкімі шықты

14 қараша 2025, 11:25

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Warner Bros» қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары азаматтарды жоғары табыс уәдесімен инвестиция салуға үгіттеген.

«Жобаға заңды көрініс беруі үшін осы іске еш қатысы жоқ танымал голливудтық компаниясының атауын пайдаланған. Қатысушыларға фильм трейлерлерін қарау және жаңа салымшыларды тарту арқылы табыс табу ұсынылған. Жоба 9 деңгейден тұрған, орташа салым мөлшері 225 мың теңге, төлемдер тек USDT криптовалютасында қабылданған. Схеманы ілгерілету үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер белсенді қолданылған. Администраторлар арнайы чаттар құрып, оқыту жүргізіп, нұсқаулықтар мен бейнероликтер таратқан, жылдам табыс пен криптовалюта түрінде сыйақы уәде еткен», — делінген ҚМА таратқан хабарламада хабарламада.

Тергеу барысында салымшылардан жиналған және аударылған қаражатты сақтау үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды.

Сот санкциясымен жалпы сомасы 3,8 млн USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды. Сот үкімімен ұйымдастырушыға 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сонымен қатар, сот 40 жәбірленушінің азаматтық талаптарын қанағаттандырып, олардың залалы тыйым салынған криптоактивтер есебінен өтелетін болды.

16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді