Вирус тарататын фишингтік интернет-ресурс анықталды

05 қыркүйек 2023, 13:57

Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері хакерлердің «Trojan Downloader» вирусын тарататын фишингілік интернет-ресурсын анықтады. Бұл туралы олар өздерінің ресми сайтында хабарлады.

«Мемлекеттік қызметтерді алуға тапсырыс берген кезде электронды қолтаңба қалдыру үшін NCALayer бағдарламасын орнату қажеттігін бәріміз білеміз. Мемлекеттік техникалық қызмет «hxxps://ncalayer.info/update.php» дейтін фишингтік интернет-ресурсты анықтады. NCALayer-ді жаңартатын бағдарлама ретінде ұсынылатын ресурс жүктелген соң «Trojan Downloader» вирусын таратады. Сол арқылы қолданушының құрылғысына зиянкес бағдарлама орнатылады.
Соның салдарынан қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты, парольдерді оқи алады. Тіпті құрылғыға тысқары қосымшалар да орната алады», — деп жазылған ресми мәліметте.
Мемлекеттік техникалық қызмет өкілдері мұндай бағдарламаларды орнатудан, күдікті сілтемелерге өтуден аулақ болу қажеттігін айтып отыр. Өйткені мұндай әрекет жеке мәліметтерге қауіп төндіруі мүмкін.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді