jasqazaq.kz

Видеоны өзім тараттым: Жаркентте анасынан зәбір көрген балалардың әкесі оқиғаның мән-жайын айтты

Бүгін, 9:52

Жетісу облысында анасынан зәбір көрген баламен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қазір бүлдіршіннің жағдайы жақсы дейді мамандар. Әкесінің айтуынша, төрт жасар ұлды анасы үш айдан бері ұрып келген. Бұл жолы кіші дәретін жіберіп қойғаны үшін таяқ жеген екен, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Тайыр Құрбанжанов, баланың әкесі: — Баланы үш айдан бері соққының астына алып келеді. Алғашында денесінің көгергенін көріп, «мынау не» деп сұрағанымда, інісімен төбелесті деп жауап берді. 17-і күні мен қоғамдық резонанс тудыру үшін ұрып-соққан видеоны әлеуметтік желіге өзім тараттым. Полицияға да өзім барып шағым түсірдім. Енді тиісті жазасын алсын. Қазір екі балам да отбасын қолдау орталығында. Алайда балаларымды өз қолыма алғым келеді.

Оның айтуынша, әйелі үшінші топтағы мүгедек, психологиялық ауытқуы бар көрінеді. Әкесінің сөзіне сенсек, екі апта бұрын ғана ажырасуға арыз жазған. Ал ұлын сабаған әйел қазір абақтыда отыр. Жетісу облысы Жәркент қаласында болған оқиғаның видеосы көпшілікті дүр сілкіндірген. Қазір зардап шеккен ұл мен оның бауыры  отбасын қолдау орталығында. Олардың жағдайын жіті бақылап отырмыз дейді жергілікті балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл.

Ермек Егінбаев, Жетісу облысының балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкілі: — Бүгінгі күні балалар Талдықорған қаласына жеткізілді. Қауіпсіз жерге оналастырылды. Балаларға барлық жағдай жасалды. Жататын орны, тамағы, ойнайтын жері. Балалар өзі қатарлы балалармен ойнап, көңіл-күйі жақсы, өзін жақсы сезінеді. Мен өзім жеке барып, олармен жолығып қайттым. Балалардың денсаулығын, олардың дамуын, яғни дәрігерлер, логопед қарап отыр. Балалармен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Бүгін, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)