«Ветеринария — бүкіл адамзатты емдейді»

18 тамыз 2023, 18:27

Адамзаттың амандығы қоршаған ортаның саулығына, әсіресе жан-жануар әлемінің саулығына тікелей тәуелді. Халқымыздың жесе тісіне, жемесе түсіне кіретін ет пен дастарқанынан үзілмейтін ағарғаны төрт түлікке тікелей байланысты екенін назарға алсақ, елімізде ветеринария саласының қаншалықты маңыздылығын бағамдай беріңіз. 2020 жылы әлемді жайлаған пандемияның адамға қайдан жұққаны жайлы белгілі немесе түрлі нұсқалар болды. Алайда, тереңдеп зерттегенде індеттің тамыры жан-жануарлар әлеміне жол сілтейді. Вирусология мен ветеринарияның тоғысқан жері деуге болатындай нүктенің маңызын, осындай қатерлі сәттерін адам баласы анық сезінді. Негізінен бүкіл жер шары тұрғынының денсаулығына тек медицина мамандары ғана жауапты емес, ветеринарлар да маңызды рөл атқарады.

Малдың саулығына кепілдік беретін бірден-бір сала – ветеринария десек, осы сала бойынша Шымкент қаласында атқарылып жатқан қызметтер жайлы шаһардың ауыл шаруашылығы және ветернариялық басқармаға тиесілі «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры Сырым Әбдіхалықов баяндап берді. Аталған мекеменің негізгі міндеттерінің бірі – қала аумағындағы ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың денсаулығын, жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау болып табылады. Осы мақсатпен жыл сайын қала көлемінде он төрт түрлі (құтыру, лептоспироз, листериоз, пастрелиоз, сібір жарасы, күл, қарасан, оба, эккима, брадзот, туберкулез. т.б.) жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық алдын ала егу, диагностикалау, бірдейлендіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

–Қала тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін ірі қара мен ұзақ малдарға уақытылы екпе егу ісі аса маңызды. Жыл басынан бері 715 400 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жүргізілсе, 126 400 бас жануардан диагностикалық қан сынамасы алынды. Сонымен қоса, 16 404 бас уақ мал мен 12 386 бас ірі қара малдың және 2 118 бас жылқының төлдері сырғаланып, құжаттандырылды. Тұрғындардың өтінімдері бойынша қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. Мәселен, «I komek – ахуалдық орталығы» мен аулау қызметінің байланыс нөмірлері, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардан 2 089 өтінім келіп түсті. Осы бойынша 12 300 ит пен 3200 мысық ауланып, оның ішінде агрессивті және емделмейтін аулармен ауыратын ит-мысықтар тыйым салынбаған препараттармен (эвтаназиямен) ізгілікті жансыздандырылды. Бұл бір жағынан жұқпалы аурулардың таралмауына, екінші жағынан қала тұрғындарының қауіпсіздігіне септігін тигізіп отыр, — дейді кәсіпорын басшысы.

Мерей Әлімбек

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз