Венгрияда қаза тапқан қазақтардың аты-жөндері анықталды

14 тамыз 2023, 15:34

«Қазағымның қаны қайда төгіліп, Басы қайда қалмаған?!» деп ақын жырлағандай, Екінші дүниежүзілік соғыстың кезінде Венгрияда қаза болған қазақ жауынгерлерінің аты-жөндері анықталды. Жалпы елімізден тыс, шет мемлекеттерде мәңгілік мекен тапқан боздақтарды іздестіріп, жерленген жерлерін анықтауда сыртқы істер министрлігінің, оның ішінде Қазақстанның Еуропа аумағындағы елшіліктері мен «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының арасындағы тығыз ынтымақастық өзінің оң нәтижесін беріп жатыр.

Оларды іздестірудегі басты мақсат – біріншіден, шетте шейіт болған боздақтардың есімін ардақтау, екіншіден елімізде тікелей ұрпағы, туыстары мен етжақындары табылып жатса, ата-бабаларының қайда жатқанын біле жүрсін, жадында тұтсын деген ізгі ниет екені даусыз. Егер марқұмның басына барып құран бағыштаймыз, туған жердің бір уыс топырағын саламыз деп жатса, «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымы қазақстандық жауынгердің қай қалада және қай жерде жерленгенін айтуға, қолда бар дерекпен бөлісуге дайын.

«Венгриядан жеткен тізімге келер болсақ, олардың әрбірінің жеке басын, әскерге қайдан шақырылғанын, туыстарының бар-жоғын анықтауда «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының еріктілері архивтерді ақтарып, қыруар жұмыстар атқарды. Төменде келтірілген тізімдегі жауынгерлердің аты-жөндерін, туған жерлерінің атаулары мен туыстарының есімдерін сол кезгі құжаттарда қалай жазылды солай қалдырдық. Әріп қателері мен кейбір сәйкессіздіктерге түсінстікпен қарайсыздар деп ойлаймыз. Ең бастысы боздақтардың кіндігінен тараған ұрпақтары мен етжақындары табылып жатса бізге сол – олжа», — дейді «Atamnyn Amanaty» қоғамдық ұйымының басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Тағы бір назар аударатын өкінішті жәйт, жауынгерлердің бәрі дерлік 1944 жылдың аяғы мен 1945 жылдың басында, ал тіпті кейбіреуі мамыр айындағы Жеңіс күніне санаулы уақыт қалғанда қаза тапқан:

1.Ундыбаев Насир (1908-1945 жж.) әйелі Ундыбаева Алтын – Кызылорда обл. Арал ау-ы, «Узун-Кагер» балық зауыты;

2.Адрешов Жантас (1917-1945 жж.). Бауыры Адрешов Бектас -Акмола обл., Эркеншилик ау-ы;

3.Ахатов Джумагаир (1923-1945 жж.) Солтүстік Қазақстан обл., Көкшетау ау-ы, Алатан ауыл советі.

4.Амербаев Рахим Гумарович (1923-1945 жж.) туыстары белгісіз:

5.Туяшев Мукан (1905-1945 жж.) Батыс Қазақстанобл, Чапаев ау-ы, племсовхоз Акатинский;

6.Ишамов Ашен (1902-1945 жж.) әкесі Ишамов Арсен — Шымкент, Пакторал ау-ы;

  1. Аяғнов Қасым (Аляганов Касим) (1892-1945 жж.) әйелі Аляганова Пикамоль – Петропавлов обл., Лесский р-н, Толгинский с/с, к/з «Дахтаз»;

8.Миниус Шаймерден (1913-1945 жж.) мать Еоханова Капбике – Кызылорда обл., Чиилийский р-н, Иокульский а/с;

9.Бисенова Ғұмар (1909-1944 жж.) Батыс Казақстан обл. Сербияда қаза болды. Туыстары белгісіз.

10.Мейрманов Аусхан (1924-1945 жж.) ҚазССР, туыстары белгісіз;

11.Утеулиев Максым (1912-1944 жж.) әйелі Утиулиева Кубаш -Гурьевская обл., Жилокосинский р-н

12.Баймуканова Емен (Имен) (1924-1944 жж.) қарындасы  — Батыс Казақстан обл., Тайпақ ау-ы;

13.Досжанов Байнукан (1922-1944 жж.) қарындасы Мейіргул – Батыс Қазақстан обл., Пармановский р-н, Гиреловский с/с;

14.Ермеков Байгабул (1909-1945 жж.) әйелі Ермекова Колуш;

                15.Измагонбетов Каир-Гали (1890-1944 жж.) әйелі Измагомбетова Зейнеш – Батыс Казақстан обл., Джангалинский р-н;

16.Дайрабаев Кайбар (1920-1944 жж.) анасы Дайрабаева Ефимия Васильевна – Оңтүстік Казақстан обл., Арыс  ау-ы;

17.Имашев Евгений (1925-1944 жж.) анасы Дарья – Шығыс Казақстан обл., Катонқарагайский ау-ы.

Былтыр   Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Норвегияда қаза тапқан қазақстандықтардың жаңартылған тізімін жариялады. Бүгінгі таңда есімдері нақтыланған жерлестеріміздің жалпы саны – 74 адам. Олар Норвегияның Саннешоен, Лиллехаммер, Берген және Тронхейм қалаларының маңындағы кеңестік әскери зираттарда жерленген. Қоғамдық ұйым елшіліктермен бірлесе отырып осы бағыттағы ізгі ниетті жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.

Әбубәкір Смайылов            

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады