jasqazaq.kz

«Келешек» мектептері жобасы аясында салынған мектепте баспасөз туры өтті

28 тамыз, 15:22

Білім күні қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы №7 орта мектептің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Аталған білім ошағы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып, ел игілігіне берілген болатын. Аталған мектепті білікті ұстаз Гүлмира Есентаева басқарып келеді.
Жұмыс барысымен мектептің педагог — ұйымдастырушысы Аружан Кәрімқызы таныстырды. Ата-аналар да журналистермен бірге ғимаратты аралап көрді. Мектептің 360 орынға арналған асханасы, 500 орындық мәжіліс залы талапқа сай. Кең де әсем спорт залы орналасқан. Бастауыш сынып бөлмелері де әдемі, жинақы. Әр қабатта коворкинг. Медициналық бөлме, шығармашылық жұмыс бөлмелері жұмыс істейді. Химия, биология кабинеттері де соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Кітапханада 13 мың дана кітап қоры болса, әдеби көркем туындылар 4020 дананы құрайды.
Еңбекке баулу бөлмесі ұлдарға бөлек, қыздарға бөлек қамтылған. Қыздардың ас дайындауына арналған бөлме де бар. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Айзат Ұзатова қыздарға тігіншілікті қалай үйрететінін баяндап берсе, биология пәнінің мұғалімі Эльмира Төлепова аз уақытта өзінің оқыту тәсілінен хабардар етті. Әр оқушыға гидропоника, микроскобтар берілгенін айтып өтті. Қытайлық қондырғының көмегімен қияр, қызанақ өсіру жолдарын да оқушылар үйренуде. Яғни, ғылыми жолдың негізі мектептен қаланып жатыр. «Ашылғанымызға бір жыл енді болса да, аудан бойынша үздік 10 мектептің қатарына кірдік. Волейболдан мектептің оқушылар құрамасы республикалық турнирде топ жарды. Жағажай волейболынан да мектеп шәкірттері жеңіске жетті. Футбол алаңы, ойын алаңдары оқушыларды қуанышқа бөлейді. Мектепте шахмат, футбол үйірмелері жұмыс істейді. «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары» байқауларында да аудандық, облыстық деңгейде жақсы нәтижеге қол жеткіздік. 16 оқушымыз облыстық пән олимпидасына қатысып, 4 оқушы жүлделі орынға ілікті. Мұның бәрі мектеп мұғалімдері мен қызметкерлерінің жұмыла атқарған жұмысының жемісі», – дейді аталған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сая Қалабаева. Журналистермен бірге мектепті аралаған ата-ананың жасы үлкені 81 жастағы Салиха Есқараева. 4 немересі осы мектепте білім алады екен. Ол кісі қазіргі мүмкіншілікке көңілі толып, жастарға ақ батасын берді. «Менің 1,2,4 оқитын балаларым осы мектепте оқиды. Мұнда барлық жағдай жасалған. Оқу залдары, мәжіліс залы, кітапхана көңілден шығады. Кейде балаларымыз арқылы жаздырып, өзіміз де мектептен әдеби көркем кітаптар алып оқып жүрміз» дейді жас ата-ана Шынар Асқарқызы.
Аталған мектептің биылғы оқу жылына әзірлеген жоспарлары да қомақты. Мектеп 600 оқушыға арналған. Оқушылар мемлекеттің қамқорлығын сезініп осындай мектепте білім алғандарына дән риза.
Айта кету керек, өңірде жоба аясында бүгінгі күнге дейін 4 мектеп пайдалануға берілген, 3 мектеп жыл соңына дейін ашылады.

JQ-Aqparat

Суретті түсірген Юрий Ким

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік