jasqazaq.kz

Universiade 2017: Тоңазытқыштың бағасы екі есе қымбат

20 ақпан 2017, 13:18

Алматы қаласындағы Атлетика ауылына қойылған тұрмыстық техниканың нарық бағасынан әлдеқайда жоғары бағаға алынғаны белгілі болды. Бұл туралы ratel.kz сайты хабарлады.

Сайт редакциясына спортшыларға алынған тұрмыстық техниканың тізімі түсіпті. Сыйымдылығы 59 литр болып табылатын 2816 дана тоңазытқыш (511х440х452 DAEWOO FR051AR)алынған. Жалпы құны — 275 857 623 теңге. Осыдан бір тоңазытқыштың құнын шығаратын болсақ шамамен 97 960 теңге шығады. Сайт редакциясы дәл осы тоңазытқышты интернеттегі хабарландырудан 42 248 теңгеден тауыпты.

Айырмашылығы 54 712 теңге. Егер де алынған барлық тоңазытқышты келтірсек шығынның көлемі шамамен — 154 068 992 теңге. Тек тоңазытқыш емес, төсек орынның да қымбатқа түскенін байқайсыз.

Мәселен, ақжайма, сейсеп, жастық тысынан тұратын бір жиынтық 11 963 теңгеден айналған. Оны да хабарландыру арқылы іздепті. Сөйтсе, 4500 теңгеден толып тұр екен.

Ал спортшыларға мұндай төсек-орын жиынтығының 11 712 данасы сатып алынған. Жалпы құны — 140 117 590 теңге. Осы сайт хабарлағандай, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек әкімдіктегі ішкі бақылау қызметіне тұрмыстық техниканың қаншалықты қымбат сатып алынғанын тексеру үшін бір апта уақыт беріпті.

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті