Тұтынушы құқығын қорғайтын омбудсмен институты енгізіледі

28 қыркүйек 2023, 12:51

Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі. Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев осылай деді.

«Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі омбудсмен институты тағайындалған адамға ерекше жария мәртебесін береді. Ол мемлекеттік биліктің жоғарғы эшелондарында тұтынушылар қауымдастығының көзі және дауысы ретінде қызмет ете алады. Қоғамның үйлестірушісі қызметін атқарады, жауапкершілігі артады. Мәселен, біз бұл заңды дайындаған кезде шетелдік тәжірибені қарадық. Мысалы, Польша мен Германия мемлекеттерінде осындай омбудсмен институты бар», — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, 2022 жылы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде 10 мың респонденттің 56 пайызы Тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері жөніндегі омбудсмен институтын енгізу қажеттігін атап өткен.«Оның негізгі функциялары тұтынушылардың шағымдарын қарау, кеңес беру, тұтынушылардың құқығын қорғаудың қоғамдық институттарын үйлестіру, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу, тұтынушылардың құқығы қорғау саласындағы істердің жай-күйі туралы жыл сайын баяндама қалыптастыру, сотта тұтынушылардың белгісіз тобының құқығын қорғау болады», — деді Қайрат Балықбаев.

JQ-Aqparat 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді