jasqazaq.kz

Атбасар түрмесінің 12 қызметкері екінші рет ақталып шықты

25 желтоқсан 2025, 10:01

Ақмола облысында сотталушыларды ұрып-соқты деп айыпталған Атбасар түрмесінің 12 қызметкері екінші рет ақталып шықты. Биыл ақпан айындағы сот отырысында оларды бостандыққа жіберу туралы үкім шыққан. Сол кезде алқа билердің шешіміне облыстық прокуратура қарсы болған, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Көп ұзамай, қылмыстық-атқару жүйесінің осы 12 қызметкеріне қатысты үкімнің күші жойылған. Үкімді бұзуға бірінші сатыдағы соттың іс жүргізу кезіндегі заң бұзуы негіз болды. Еске салайық, екі жыл бұрын әлеуметтік желіде Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесі қызметкерлерінің дәретхана тазалаудан бас тартқан тұтқынды сойылмен ұрып-соққан видеосы тараған. Осыдан кейін қызмет тексерісін жүргізіп, тәртіптік комиссия Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығын, оның орынбасары мен түрме директорын қызметінен босату туралы шешім шығарған.

Сағдат Сейітова, судья: — Алқабилер үкімімен, Сауытбеков, Мырзашев, Жүнісов, Проценко, Дәулетбаев, Әбілқайыр, Рүстемов, Жұманалин, Ерназар, Тұрғынбай, Дәуренбеков және Кун кінәсіз деп танылды. Олар ҚР ҚК 146-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзу құрамының болмауына байланысты ақталды. Сонымен қатар моральдық зиян салдарын жою, зейнетақы және тұрғын үй құқықтарын қалпына келтіру туралы шешім қабылданды.

Сурет: Depositphotos.com

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге