jasqazaq.kz

Түрмеге есірткіні тоқашқа салып кіргізбек болған

28 қараша 2017, 15:22

Қостанай облысының тұрғыны тоқаш ішіне героин жасырып, түрмеге «сәлемдеме» жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

«34 жастағы облыс тұрғыны 47 жастағы жазасын өтеушіге «сәлемдеме» жіберді. Өткізілгелі тұрған азық-түліктерді тексеру барысында мекеме мамандары тоқаш ішінен сарғыш түсті 4 түйіншекті тапты. Сот-химиялық сараптама нәтижесінде олардың есірткі заты — героин екені анықталды», — делінген таратылған хабарламада.

Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мекеме қызметкерлерінен қулығын асырмақ болған тұрғын жазасын өтеушіге 0,64 грамм героин өткізбек болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда