Түрмеден қашқан жазасын өтеуші ұсталды

02 тамыз 2023, 14:36

Қарағанды облысында жазасын өтеп жатқан адам түрмеден қашып шығып, көп етпей қолға түсті. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.
31 шілде күні №31 мекеменің (қауіпсіздігі орташа) әкімшілік ғимаратының аумағында жұмыс істеп жүрген сотталған қашып кеткен. ҚР ҚАК 119 және 136-баптарына сәйкес сотталған мекеменің күзетілетін аумағында орналасқан объектіде жөндеу жұмысын жүргізген. Қашып кеткен сотталушыны ізін суытпай бірнеше сағаттың ішінде жедел қызметкерлер ұстады. Қарағанды облысының ПД ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 426-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.Тергеу барысы және өзге де мәліметтер жария етілмейді. Сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеруді бастады.29 жастағы ер адам ұрлық және көлік ұрлағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Енді ол түрмеден қашқаны үшін тағы да жаза арқалайтыны сөзсіз.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады