jasqazaq.kz

Түркияның жетекші фармацевтикалық компаниясы Түркістанда өндіріс ашады

29 мамыр, 14:20

Түркістанның өңірінің бауырлас түрік елімен іскерлік байланысы жылдан жылға бекіп, нығайып келеді. Енді Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) шығаратын жаңа зауыт салуға ниет танытып отыр. Түркістан әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаның жалпы құны 40 миллион долларды құрайды.

ORZAX – Түркияда орналасқан, табиғи ингредиенттер негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндіретін халықаралық деңгейдегі жетекші компания. Қазіргі таңда компания 100-ден астам өнім түрін шығарады, оның ішінде пробиотиктер, өсімдік экстрактылары, арнайы формулалар, Омега-3, дәрумендер мен минералдар, коллагендер бар. Компания Түркияда рецептсіз берілетін өнімдер нарығында көшбасшы болып келеді. Өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ORZAX компаниясының басшылығы арасындағы кездесуде өндірістік жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар зауытты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салу мүмкіндігін қарастырды. Бұл шешім компанияға жеңілдетілген салық және әкімшілік режимдерді пайдаланып, тиімді өндіріс құруға жол ашады.
Өндірістік кешен іске қосылғаннан кейін жылына 35 миллион қорап биологиялық белсенді қоспа шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өңір тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

Келіссөздер аясында құрылыс жұмыстарын биылғы жылдың ішінде бастау керектігі, ал зауытты келесі жылдың соңына дейін іске қосу мәселелері пысықталды.
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобаның маңыздылығын атап өтіп, жергілікті әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді. Қолдау инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құжаттаманы рәсімдеу және барлық рұқсат беру рәсімдерін жеделдету сияқты шараларды қамтиды.
«Түркістан – ашық, серіктестікке дайын өңір. Біз – бауырлас елміз. Түркиялық компанияның өңірімізге келіп, осындай ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті болуы – біздің облыс үшін зор мүмкіндік. Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып, жүздеген азаматты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз және жобаның табысты іске асуына барлық жағдай жасаймыз. Өздеріңізбен тікелей байланыста боламыз», – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда