Түркістаннан көлік ұрлап, Шымкентте ұсталды

15 қыркүйек 2023, 9:44

Түркістан қаласынан көлік ұрлап келе жатқан 20 жастағы азамат ұсталды. Шымкент аумағында түнгі кезекшілікке түскен патрульдік полицияның №883 автоэкипажы Айбергенов көшесінің бойында Lada-21114 көлігін тоқтатты, деп хабарлайды polisia.kz.
Жүргізуші маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспағаны үшін көзге түскен. Тәртіп сақшылары жас жігіттің жеке құжаттарын тексеру барысында жүргізуші куәлігі жоқ екенін анықтады.
Аталған құқық бұзушылық үшін 20 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар көрші аймақтағы әріптестер жіберген бағыттамаға сәйкес полицейлер көліктің Түркістан облысындағы үйдің ауласынан жарты тәуліктен аз уақыт бұрын ұрланғанын анықтады.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері әл-Фараби аудандық полиция басқармасының жедел-тергеу тобын шақырды. Көлік тәркіленіп, ер адам полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда көлік заңды иесіне қайтару үшін Түркістан облысының тәртіп сақшыларына берілді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді