Түркістандық полицейлер төл мерекесін атап өтті

24 маусым, 14:12

23 маусым — еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтап, қылмыс пен құқықбұзушылықпен күрескер болып отырған Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Түркістандық полицейлер төл мерекесін “Фараб” кітапханасында салтанатты түрде атап өтті. Сонымен қатар кәсіби мерекелерін Түркістан облысындағы аудандық бөлімдер де ескерусіз қалдырмады. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түркістанда өткен салтанатты жиында қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қала прокуроры Каукен Нәрікбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Дәулетханұлы антқа адал, уәдеге берік әріптестерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар тәртіп сақшылары мен ардагер полицейлерге алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.

Арыс аудандық полиция бөлімінде ”Қазақстан полициясының 32-жылдығына” орай салтанатты іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында мерекеге орай қызмет барысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, стратегиялық аса маңызды және экономика саласындағы маңызы бар объектілерді күзетіп, мекемедегі тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтап, кәсіби шеберлік таныта білгендері үшін Арыс АПБ бастығының бұйрығымен біршама қызметкерлер грамота және алғыс хаттармен марапатталды.
Марапат жалғасы ІІО-ның құрметті ардагерлеріндде АПБ бастығының алғыс хаттарымен марапатталып, сый-құрметтер көрсетілді.

Салтанатты іс-шара соңы Арыс ауданында орналасқан құқық құрғау органдарымен, ардагерлермен бірігіп футбол ойынын ұйымдастырып бағалы сыйлықтармен марапаттаумен аяқталды. Сондай-ақ ордабасылық полицейлер төл мерекесін атап өтті 23 маусым — Тәуелсіздіктің төл баласы еліміздегі қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтап, қылмыс пен құқықбұзушылықпен күрескер болып отырған Қазақстан полициясының кәсіби мерекесі. Ордабасылық полицейлер төл мерекесін аудандық мәдениет үйінде салтанатты түрде атап өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан прокуроры Абзал Айғабылұлы, аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Құрманбекұлы және полиция бөлімінің ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Бақыт Маликов полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп, өз құзіретіне сәйкес үздік полицейлерге алғыс хат табыстады.

Полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Саттарұлы антқа адал, уәдеге берік әріптестерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар тәртіп сақшылары “Мінсіз қызметі үшін” медалімен наградталып, Түркістан облысы Полиция департаменті бастығы М.Қабденовтың алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ бірқатар ардагер полицейлерге алғыс хат табысталып, құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара соңы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Жетісай аудандық мәдениет үйінде салтанатты мерекелік шара өткізді.

Салтанатты шара ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталып, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Т.Елшібаевтың арнайы құттықтауына ұласты.

Ол Ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмысын жоғары дәрежеде атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне Жетісай ауданы әкімінің арнайы «Алғыс хатын» табыстады.

Іс-шараның марапаттау рәсімін Жетісай аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Сапарбеков жалғап, жеке құрам қызметкерлері мен ІІО-да қызмет еткен ардагерлерді марапаттап, зейнет жасына жеткен полиция қызметкері Ақылбек Ануарбекұлына зор кұрмет көрсетіп шығарып салды.

Сонымен қатар, осы салада қызмет атқарып мезгілсіз қайтыс болған қызметкерлердің ата-аналарына да жеке құрам атынан өзінің шынайы алғысын білдіріп, сый-сияпат табыс етті.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Полиция күніне орай әріптес дос Бауыржан Қабылбекұлы Қолдасовты еске алуға арналған футболдан турнир өтті.

Турнирге облысымыздың Келес, Сарыағаш, Шардара, Мақтаарал, Жетісай аудандары мен Шымкент қаласынан, жалпы алғанда 16 команда қатысып, үздік ойын көрсетті.

Турнирде жүлделі орын алған командалар қомақты сыйлықтармен марапатталды.

Бауыржан Қабылбекұлы ұзақ жылдар Жетісай ауданының полициясында қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында тынбай қызмет етті.

Кәсіби мерекеде Түлкібас аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен ісв- шара өтті. Түлкібас аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев, аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Сұлтанов, ауданы әкімінің орынбасары Е.Ормановтың және жеке құрамның қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Олар өзінің ыстық ықыласын білдіріп, қызмет атқару барысында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп, үлгілі тәртібі мен қоғамдық тәртіпті сақтауда, жедел-қызметтік мәселелерді шешуде, болған қылмыстарды ашуда және қылмыстың алдын алу мақсатында қызметтерін абыроймен атқарған қызметкерлерді марапаттады.

Сондай-ақ 23-маусым «Қазақстан Полициясы күні» мерекесіне орай, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Е.Орманов полиция қызметкерлерін құттықтап, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін алғыс хаттар табыстады.

Еткен еңбектің еленетіндігін мақтан тұтқан ардагерлер кеңесінің төрағасы жеке құрамға өз құттықтау сөзін жеткізіп, жұмыстарына табыс тіледі.

Әлима Әлмерек

Суреттер : Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде
05 шiлде, 14:06
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар басталды
04 шiлде, 16:10
Түркістан: Мақсат – қылмыстың алдын алу