jasqazaq.kz

Түркістанда жол ережесін бұзған жүргізушілерге бақылау күшейтілді

10 сәуiр 2024, 13:53

Түркістан облысында «Қауіпсіз қоғам» жобасы жүзеге асырылуда. Жобада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін қадағалау мақсатында заманауи технологиялардың, оның ішінде Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығымен интеграцияланған бейнебақылау камераларының мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков jasqazaq.kz тілшісіне «Қорғау — қауіпті жүргізуші» жобасы қалай жүзеге асып жатқанын айтып берді. Оның айтуынша, Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлері мен патрульдік полицейлер «Қорғау — қауіпті жүргізуші» бағдарламасы аясында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтаған.

Асылжан Қалдарбеков: «Жыл басынан бастап қарызы бар екеніне қарамастан, жол қозғалысы ережелерін бұзып жүрген 851 автокөлік анықталды. Оның ішінде әкімшілік айыппұл салынған 829 автокөлік жүргізушісі және жеке сот орындаушыларынан түскен қаулылар негізінде анықталған 22 борышкер анықталды. Борышкер жүргізушілердің жалпы берешегі 136,5 миллион теңгеден астам. Бұған дейін автокөлік иелеріне ескерту жасалды. Әкімшілік айыппұл мен қарызын төлемеген автокөлік жүргізушілері өзге көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, облыс аумағындағы жол ережелерін бұзуды жалғастырған. Борышкерлердің көліктері айыптұраққа қойылды», — деді.

Түркістан облысында полицейлер «Қорғау — қауіпті жүргізуші» жобасы бойынша «Қорғау» бағдарламасының көмегімен әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар және келіп түскен сот қаулыларының негізінде жүргізушілерді анықтау жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері көше камераларынан деректерді талдайтын және жақын маңдағы полиция нарядтарының планшетіне хабарламалар жіберетін бағдарламаны пайдаланатын болады.

Мақпал Махаметқызы,
Түркістан облысы

Суреттер: Түркістан ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді