jasqazaq.kz

Түркістанда үш полиция өкілінің қыз зорлау фактісі тексеріліп жатыр

29 қантар, 19:53

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысында үш полицейдің қызды зорлады деген ақпарат тарады. Алайда қылмыстық іс тіркелгенге дейін қызметкерлер орнынан босатылыпты.
Ақпаратқа Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, Түркістан қаласында 18 жастағы қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Алайда аталған іске полиция қызметкерлерінің қатысы бар-жоғы әлі анықталу үстінде.
Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, аталған дерек бойынша «жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу» бабымен қылмыстық іс қозғалған.
«Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Бұрынғы полиция қызметкерлерінің іске қатыстылығы жан-жақты тексеріліп жатыр және бұл жағдайға қағидатты құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар қызметтік тексеру нәтижесінде аталған қызметкерлер ішкі істер органдарынан теріс себептермен — қызметтің беделін түсіргені үшін жұмыстан босатылды», — деді Шыңғыс Әлекешев.
Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға күш салып отыр. Қылмыстық істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында.

Фото: kaz365.kz

Бүгін, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
Бүгін, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге