jasqazaq.kz

Түркістанда Ғазиз Байтасовқа арналған сынып пен кинозал ашылды

01 қыркүйек 2024, 17:55

1 қыркүйек – Білім күні Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабденов  №28 мектептің жас сақшыларымен арнайы кездесіп, сұхбаттасты. Мұндағы негізгі мақсат — оқушылардың Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімдерін арттыру.

Кездесу мектеп ішінен «Халық Қаһарманы» Ғазиз Байтасовқа арналған сынып пен кинозалдың ашылуы барысында ұйымдастырылды. Мектеп ішіндегі осы екі орында оқушылар алғашқы әскери даярлық әдіс-тәсілдерін меңгере отырып, полицейлер тарапынан ұсынылған фильмдер, профилактикалық шараларды көріп, ерлік әрекеттерді ұлықтайтын деректі фильмдерді тамашалайды.

Оқушылардың алдында сөз сөйлеген полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов: «Бұл сыныпқа қызмет атқару барысында ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасов аталарыңыздың есімі берілді. Сондықтан сіздер осы полицей ағаларыңыздай елге адал қызмет етер үлкен азамат болып өсе беріңіздер! Елге еткен еңбек ешқашан ұмытылмайды, ескерусіз қалмайды!», — деп атап өтті.

Мектептің жас сақшылары жиналған сыныпта генерал М.Қабденов жасөспірімдермен пікір алмасып, құқықтық сауаттылығын дамыту бағытында өмірлік тәжірибелерінен әңгімелери айта отырып, болашаққа жол сілтеді. Оқушылар өз кезегінде полиция қызметіне қатысты түрлі сұрақтарын қойып, осы салаға деген қызығушылықтарын білдірді.

Кездесу соңында жас сақшыларға Полиция департаментіне қарасты қызметтік автокөліктер таныстырылып, естелікке суретке түсу рәсімі өткізілді.

Айта кетейік, бұл шара қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерін еске алу мақсатында министрліктің республика мектептерінде «Жас сақшы» полиция сыныптарын, сондай-ақ марқұм болған қызметкерлердің есімдерін бере отырып, алғашқы әскери даярлық кабинеттерін ашу жоспары бойынша жүзеге асырылды.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған