jasqazaq.kz

Түркістанда «Ескек есу» арнасы ашылды

15 қыркүйек 2025, 11:36

Түркі әлемінің жүрегі – Түркістанда еліміздің спорттық тарихында алтын әріптермен жазылатын оқиға орын алды. 2025 жылдың басты жаңалығы – халықаралық деңгейдегі «ЕСКЕК ЕСУ» СПОРТ АРНАСЫНЫҢ салтанатты ашылуы өтті!

Бұл – Орта Азияда баламасы жоқ бірегей спорттық кешен ғана емес, Қазақстанның болашағына бағытталған ауқымды инвестиция.

Жаңа кешен халықаралық стандарттарға сай салынған. 20 000-ға жуық адам қатысқан ашылу – нағыз халықтық мерекеге айналды. 500-ге жуық спортшы байдарка, каноэ, академиялық есу, параканоэ, триатлон, ашық суда жүзу спорттарымен тұрақты түрде айналысады.

Облыс спортшылары – ел абыройын қорғайтын 1800+ медаль иегері

Халықаралық әріптестік: Қазақстан мен әлемдік есу федерациялары арасында меморандум жасалды.

Салтанатты шараға туризм және спорт министрі Ермек Мырзабосынов, Халықаралық байдарка мен каноэ федерациясының президенті Томас Кониецко, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қайық» федерациясының президенті Асланбек Мерғалиев қатысты.

Нұралхан Оралбайұлы Көшеров өз сөзінде:
«Бұл кешен – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Түркістанды халықаралық деңгейдегі мәдени, спорттық орталыққа айналдыру жолындағы нақты қадам. Бұл арна – болашақ Олимпиада чемпиондарын даярлайтын алтын ұя болмақ!», — деп атап өтті.

Ашылу салтанаты халықаралық деңгейде өтті. Кешке келген қонақтар спортпен қатар, мәдени, гастрономиялық және шоу бағдарламаларға куә болды.

Сахнада Еркебұлан Мырзабек, Марат Оралғазин, Мұқасан Шахзадаев, Мархаба Сәби, Калифарния, «Таңба» этно тобы, «Самғау» би ансамблі, Түркістан музыкалық театры, DJ Macarello өнер көрсетті.

Нағыз ұлттық дәм мен дәстүрдің көрмесі – «Taiqazan» гастрономиялық жәрмеңкесі халықты тәнті етті. Қазақтың ұлттық тағамдары, ерекше сусындар, шебер аспаздардың шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.Түркістан облысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, спорт инфрақұрылымын дамытуға үлкен назар аударуда:

Биыл – 102 спорт нысаны пайдалануға берілді. 2026 жылы – тағы 10 спорт кешені ашылады.

Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған 22 бейімделген спорт секциясы іске қосылды

Қысқы спорт – «Мұз сарайында» хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек үйірмелерінде 400+ бала жаттығуда

Құрылыс кезеңінде – Атшабар кешені, ұлттық спорт түрлерін жандандыруға серпін серпін.

Тарихи шаһар бүгінде тек рухани емес, ғылым, мәдениет, спорт пен туризмнің де орталығына айналуда. «Ескек есу» кешені – осы дамудың жарқын дәлелі.

Түркістанда ашылған бұл бірегей кешен – еліміздің спорттық беделін көтеріп қана қоймай, жаңа чемпиондардың, жаңа жұлдыздардың тәрбиеленетін ордасы болмақ!

Түркістан қаласының әкімдігі 

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат