jasqazaq.kz

Түркістанда «Бабалар рухына 100 хатым» атты тағылымды іс-шара өтті

02 қазан 2025, 11:00

2025 жылдың 1 қазанында рухани астана Түркістан төрінде, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдің бірлігі мен рухани құндылықтарын дәріптеуге арналған «Бабалар рухына 100 хатым» атты тағылымды іс-шара өтті.

Бұл рухани жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, ел ақсақалдары, Түркістанның тұрғындары мен қонақтары қатысып, рухани іс-шараның мәнін арттыра түсті.

Шара қонақтарды ыстық ілтипатпен қарсы алудан басталып, киелі кесене алдында құрбандық шалу рәсімімен жалғасын тапты. Бас мүфти жиналған жамағатқа жүрекжарды сөзін арнап, ұлы бабалардың аманатын сақтау мен ұлттық рухты жаңғыртудың маңызына тоқталды. Одан кейін зиярат жасап, Қожа Ахмет Ясауи баба мен Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың рухына бағыштап Құран оқыды.

Кесене маңында Түркістан облысының наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы 100 хатым Құранды оқып, дұға жасады. Шара соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата беріп, игі тілегін жеткізді.

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан қаласы әкімдігі 

Бүгін, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
Бүгін, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат