jasqazaq.kz

Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды

Бүгін, 14:50

Түркістанда 159 көше жөнделеді

Түркістан облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі басты міндеттің бірі. Бұл бағытта биыл жүйелі жоспар құрылып, кезең-кезеңімен атқарыла бастады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда Түркістан қаласында Әл-Фараби және М.Тынышқұлов көшелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Яссы және Шауғар тұрғын алаптарындағы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары басталды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 433,49 шақырымға жетіп, бұл 51,3 пайыздық көрсеткішті құрап отыр.
Биылғы жылға арналған жоспарға сәйкес, Түркістан қаласында жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу, 2 жол нысанын қайта құру, 2 жаяу жүргіншілер көпірін салу, сондай-ақ 45 000 шаршы метр аумақта ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарлануда.
Жоспардағы іс-шаралар толық көлемде жүзеге асқан жағдайда, шаһар ішіндегі жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 67 пайызға дейін артады.

Келес ауданында 20-дан елді мекеннің көшелері жөнделіп жатыр

Түркістан облысына қарасты Келес ауданында автожол инфрақұрылымын дамытуға тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге айрықша мән беріледі.. Осы маңызды міндетті жүзеге асыру мақсатында жұмыстар кезең-кезеңімен, жүйелі түрде атқарылуда.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, бүгінде Жамбыл ауылдық округіндегі Ащыкөл мен Қалғансыр елді мекендерін жалғайтын 6,8 шақырымдық жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Altai Building LTD» ЖШС мердігер мекемесі асфальт төсеу жұмыстарын бастап кеткен. Соның нәтижесінде аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 95,3 пайызға жетіп, жалпы ұзындығы 124,4 шақырымды құрайды.
Сонымен қатар, аудан аумағындағы елді мекендердің ішкі көшелері де назардан тыс қалған жоқ. Биылғы жылға жоспарланған қаржы аясында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы арқылы 1,1 млрд теңге бөлініп, 21 ішкі көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, Қошқарата ауылдық округіндегі Алғабас елді мекенінің Наурыз көшесінде және Жамбыл ауылдық округіндегі Ш.Тұрсынбаев көшесінде мердігер мекемелер жолдың негізін нығайту мақсатында шағалтас төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Түлкібас ауданында облыстық маңызы бар жол жөнделуде

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданы, Құлан және Сарытөр ауылының тұрғындары жол мәселесін көтерген болатын. Осыны ескеріп, бүгінде жалпы ұзындығы 18 шақырымды құрайтын КХ-70 автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы 1 шақырымға жуық жол жөнделсе, биыл қалған бөлігі толық аяқталады деп жоспарлануда.


Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев жөндеу жұмыстарының барысын өзі бақылауда ұстайда. Жуырда ауданы әкімімен бірге аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев және жауапты бөлім басшылары жөндеу жүріп жатқан жол бөліктерін аралап, сапасын өз көзімен көріп қайтты. Жауапты мердігермен нысан басында кездесіп, жол құрылысының сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнда жергілікті тұрғындарға қолайлы болуы үшін аяқ жол салынып, жол бойындағы су өткелдері мен көпірлердің құбырлары толық жаңаратын болады. Нысан құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкмінің баспасөз қызметі

Бүгін, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
Бүгін, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
Бүгін, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
Бүгін, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан