jasqazaq.kz

Түркістан: Жетісайда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

26 маусым 2024, 16:35

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес маусым айының 24 күні Жетісай қалалық әкімдігінің мәжіліс залында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс — шараға Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының қатардағы полиция инспекторы М.Мақтабек, «Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық тобының» мүшесі полиция подполковнигі Б.Әбдірахманов және «Асыл қазына және тең қоғам» мекемесінің тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша алимент маманы С.Әділбековтың қатысуымен өткізілді.
Шара барысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының қатардағы полиция инспекторы Мақтабек Мақсат Нұрлыбекұлы ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту.

Жетісай ауданы көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» республикалық акциясы өткізіліп жатқанын және оның мақсаты: халықтың кең тобын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірді.

Одан кейін аталмыш шара Жетісай аудандық мәдениет үйінде жалғасын тапты. 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғандығы туралы айтып өтіп, Мемлекет басшысы қол қойған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдар ресми жарияланғаннан кейін, 60 күн өткенде күшіне енгенін, яғни 2024 жылдың 15 маусымнан қолданыста екенін жеткізді. Ал кейбір нормалар 2025 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетіндігін қоса айтып өтіп, сол заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жетісай аудандық полиция бөлімінің мамандары тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

JQ-Aqparat

Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды