jasqazaq.kz

Түркістан: Жетісай полицейлері тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

03 маусым 2024, 11:01

Түркістан облысында «Заң және тәртіп» консолидациялық жобасы жүзеге асырылып жатыр. Түркістан облысы полиция департаменті мәлімдегендей, Жетісай аудандық полиция бөлімі, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері аудандағы «Қорғау нұсқама» бойынша есепте тұрған жайсыз отбасыларға тексеріс жұмыстарын жүргізді.

Кешенді тексерудің мақсаты -тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу. Өткізілген профилактикалық шара кезінде жайсыз отбасылардың тұрғылықты мекенжайы тексеріліп, түсіндіру және профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 15 сәуір күні қол қойды. Аталған Заң 60 күнтізбелік күн өткен соң яғни, 14-ші маусымда күшіне енеді.
Аталған заң күшіне енуіне байланысты ьәртіп сақшылары Жетісай ауданының тұрғындарына құқық бұзушылықтарға жол бермей, отбасылық тұрмыстық қарым-қатынаста тату-тәтті өмір сүруге шақырады.

Сонымен қатар аталған ауданда полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарақай» мен «Күлпаршын» базар сыртында сауда жасап жатқан кәсіпкерлерге ретсіз сауда саттықты доғару, қалада тек белгіленген жерге күл қоқыс тастау, санитарлық жағдайды сақтау, өртке қарсы қауіпсіз шаралар орындау мәселелер бойынша арнайы құрылған жұмысшы топпен іс-шара жүргізді.

Бірінші кезекте тұрғындарға кемшіліктерді жоюға уақыт беріліп ескертулер жасалды, ал ескертулерге қарамастан заң бұзатын жағдайда тиісті әкімшілік шара қолданылатынын айтты. Жетісай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары арнайы белгіленген орындардан тыс жерлерде сауда жасаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабына сай түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның негізгі мақсаты белгіленбеген орындарда сауда жасауды болдырмау және құқықбұзушылықтың алдын алу болып отыр, сол себепті кәсіпкерлерге өз тарапынан осы мәселеге көңіл аударып, ал ескерту жасағаннан соң күл қоқыс тастаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен мәжбүрлі түрде әкімшілік шара көрілетінін, сол себепті кәсіпкерлерді өзі тұрын жатқан қаласын таза ұстауға шақырды.
Сондай-ақ Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қалада мопед көліктерді заңсыз айдау бойынша түнгі рейд жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Рейд кезінде Жетісай қаласында мопед көліктерін тиісті құжаттарсыз немесе талапқа сай айдамаған жүргізушілер де анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК бойынша әкімшілік шара қолданылды.

Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы арнайы рейдтік топтың жұмыстары алдағы уақытта да ұдайы жүргізілетін болады.

Әлима Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:39
Түрксіб ауданы Алматының «жасыл-желегі жайқалған қала» мәртебесін нығайтып жатыр: 772 мыңнан астам ағаш егіліп, көшелер көгалданды
Бүгін, 15:30
Алматының Түрксіб ауданы осы маусымдағы ең ауқымды абаттандыру жұмысын аяқтап, тұрғындар таңдаған 32 жобаны жүзеге асырды
14 қараша, 18:02
Жасыл желек пен жарық — Алматыда Торайғыров көшесінде ауқымды жаңарту жұмыстары аяқталды
14 қараша, 17:40
Алматыда мектептің сыйымдылығы 300 оқушыға дейін ұлғайтылады
14 қараша, 17:37
"Таза Қазақстан": Алматыда «Қағаз boom» экологиялық акциясы өтті
12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды