jasqazaq.kz

Түркістан: Жетісай ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтті

04 шiлде 2024, 12:08

Түркістан облысында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы өткізілуде. Аталған акцияны өткізудің мақсаты-отбасылық зорлық-зобылықтың алдын алу, облыс тұрғындарына барынша ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу. Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, Жетісай қалалық әкімдігінің мәжіліс залында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты республикалық акциясы өтті.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметнің мәліметінше, іс-шараға Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының қатардағы полиция инспекторы М. Мақтабек, «Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомстоаралық тобының» мүшесі полиция подполковнигі Б.Әбдірахманов және «Асыл қазына және тең қоғам» мекемесінің тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша алимент маманы С.Әділбековтың қатысуымен өткізілді.

Шара барысында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының қатардағы полиция инспекторы Мақсат Мақтабек ҚР ІІМ-нің 2024 жылға арналған Операциялық жоспарына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Айта кетейік, 2024 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғандығы туралы айтып өтіп, Мемлекет басшысы қол қойған әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдар ресми жарияланғаннан кейін, 60 күн өткенде күшіне енгенін, яғни 2024 жылдың 15 маусымнан қолданыста екенін жеткізді. Ал кейбір нормалар 2025 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетіндігін қоса айтып өтіп, сол заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында полиция мамандары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайында баяндама оқыды. Сонымен қатар ақпараттық түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғастыны айтылды. Өйткені тұрмыстық зорлық-зомбылық еліміздегі ең өзекті мәселеге айналды. Ал өзекті мәселе әрқашан полиция мамандарының бақылауында.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті