Түркістан облысында тұрғындардың қоғамдық тәртібін сақтауға арналған іс-шаралар басталды. Бұл туралы Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жетісай ауданы аумағында ағымдағы жылдың 1-10 маусым аралығын қамтитын құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидасын нығайту, көшелер мен басқа қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қолдау мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шара барысында тәртіп сақшылары көлік жүргізушілеріне ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іч-шараның мақсаты — жазғы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін сақтау. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ЖжТиТ мемлекеттік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Республикалық маңызы бар жолдарға жаяу жүргінші жолақтары сызылып, жаңартылуда. Бұл қала көшелеріндегі жазатайым оқиғалардың алдын-алу, жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілердің өмірін қауіпсіздендіру үшін керек.
Жетісай аудандық тәртіп сақшылары ұстаздар мен ата-аналарға ұл-қыздары жол қозғалысы ережесін сақтап жүруін қадағалауды ескертеді. Барлық адам жолдан өтерде кез келген жерді кесіп өтпей, арнайы жаяу жүргіншілерге арналған жерлерден өтуі тиіс. Полицейлердің айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Сонымен қатар Жетісай ауданы ҚҚВТ мен Жетісай аудандық полиция бөлімі, Жетісай ауданының ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері аудандағы «Қорғау нұсқама» бойынша есепте тұрған отбасыларға тексеріс жұмыстарын жүргізді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, болдырмау мақсатында өткізілген профилактикалық шара кезінде жайсыз отбасылар тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріліп, түсіндіру және профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 15 сәуір күні қол қойған болатын. Аталған заң 60 күнтізбелік күн өткен соң яғни, 14-ші маусымда күшіне енеді.
Осы заңның күшіне енуіне байланысты тәртіп сақшылары Жетісай ауданының тұрғындарынан құқық бұзушылықтарға жол бермей, отбасылық тұрмыстық қарым-қатынаста тату болуға шақырады.
Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің мамандары аудан көлемінде түнгі рейдтік жұмыстарды да қолға алды. Бұл орайда түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдерге ескерту айтылды.
Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қалада мопед көліктерді заңсыз айдау бойынша түнгі рейд жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Рейд кезінде Жетісай қаласында мопед көліктерін тиісті құжаттарсыз немесе талапқа сай айдамаған жүргізушілер де анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК бойынша әкімшілік айыппұл салынды.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатындағы арнайы рейдтік топтың жұмыстары алдағы уақытта да ұдайы жүргізілетін болады.
Әлима Әлмерек,
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі