Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді

30 қыркүйек, 16:04


Түркістан облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға арналған іс-шаралар жиі ұйымдастырылады. Сондай шараның бірінің Әділет департаменті өткізді. Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, департамент пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе отырып, «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасын орындау мақсатында, Түркістан жоғары медицина колледжінің студенттеріне «Жастарға заңгерлік кеңес» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында департаменттің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.Ербекешов, нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Ү.Құлымбет, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консульттанттары палатасының заң кеңесшісі Ж.Байболова, жеке сот орындаушы Н.Тлеубергенұлы, жеке нотариус С.Ұрынбаевалар қатысып, студенттерге жастардың бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру, жастардың кез-келген бастамаларын жылдам шешуге көрмек көрсету, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылықтың салдарын және дауларды медиация рәсімі тәртібімен шешудің қолайлығы түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегін алуға құқығы бар тұлғалар жөніндегі жадынамалар таратылды.

Бұдан бөлек, «Еңбек күні» күніне орай, «Еңбектен тапқан бақытын» атты баяндама оқылды. Еске салсақ, елімізде 2013 жылдан бері жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Шарада нағыз еңбек адамын ұлықтауға мән берілді. Соған сай, сала мамандары арнайы келіп, жиналған студенттерге өз тағылымын ұсынды. Мақсат – өскелең ұрпақтың бойында еңбексүйгіштік қасиетін қалыптастырып, кәсіптегі қабілетін шыңдау болып табылады.

Сондай-ақ Түркістан облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Түркістан жоғары медицина колледжінде Мемлекет кепілдік берген заң көмегін түсіндіру және халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында семинар өтті.
Кездесу барысындв қатысушылар өздеріне қажетті құқықтық көмек алып, пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар, оқу орнының қызметкерлері мен студенттер де көрсетілген құқықтық көмекке өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай іс-шаралардың тұрақты ұйымдастырылуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қосатынын жеткізді.

Ал Түркістан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімі қызметкерлері «Көпсалалы индустриалдық-техникалық колледжі» МКҚК өкілдері мен студенттерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Түсіндірме жұмыстары барысында зияткерлік меншік саласына енгізілген өзгерістер, атап айтқанда, географиялық нұсқамв және тауар белгілерін тіркеу тәртібі туралы түсіндірме берілді. Географиялық нұсқама ауыл шаруашылығын дамытуда, ұлттық брендтерді ілгерілетуде, шетелде өнімді тануда маңызды рөл атқарады. Ол әдетте ауыл шаруашылығы өнімдеріне, азық-түлікке, шараптарға және спирттерге, қолөнер бұйымдарына және өнеркәсіптік өнімдерге қолданылады. Сонымен қатар, географиялық нұсқама ұжымдық құқық болып табылады. Өндірушілерге оларды ұсынатын кооператив немесе қауымдастық сияқты бірлестіктер ретінде ұйымдастырылуы мүмкіндігі түсіндірілді.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?