jasqazaq.kz

Түркістан: Жастарға құқықтық тәрбие берудің маңызы

10 мамыр 2024, 13:06

Жастар арасында қылмыстың алдын алу құқықтық сауатын арттырудың маңызы зор. Осы мақсатта Түркістан өңірінде өскелең ұрпақпен түрлі кездесулер жиі ұйымдастырылады.  Сондай басқосудың бірін Түркістан облысы Әділет Департаменті өткізді.

Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жиынға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын  студенттер қатысты. Е.Сарманов  атындағы гуманитарлық-агроэкономикалық колледжінде өткен жиын  жастардың құқықтық сауатын арттыру мақсатын көздеді.

Қазіргі қоғамда отбасында немесе балаларға зәбір көрсетудің алдын алу, тоқтату, сақтандыру мақсатында студенттерге жадынамалар таратылды. Семинар барысында зорлық-зомбылықты алдын алу, одан сақтану жолдары сөз етілді.

Адам құқығы мен тұлға дербестігін бұзуға қарсы түрлі мағлұматтар түсіндірілді. Сондай-ақ дәрісте оқушыларды құқықтық тәрбиеге шақыру мәселесі де айтылды.

Жиынға Түркістан облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Балжан Әліпбек және қызметкерлері, Түркістан облыс әкімі аппаратының Заң бөлімінің бас бас инспекторы Е.Қайыпжан, «Сыбайлас жемқорлыққа волонтерлік» жобасының еріктісі «Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі Н.Әбуова, «Е.Сарманов атындағы гуманитарлық-агроэкономикалық коллледжінің» директоры М.Жантілеуова, директордың орынбасары Б.Құдайбергенов, Түркістан облысы Адвокаттар алқасының адвокаты Г.Назарқұлова, Түркістан облысы өңірлік палатасының мүшесі К.Ильясов, Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының кәмелетке толмаған балалар жөніндегі инспекторының м.а және тұрмыстық зорлық-зомбылық жөніндегі бекітілген инспекторы Ш.Мырзаметов қатысты.

Сала мамандары жастардың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениет тақырыбы бойынша мағыналы да мәнді ойларын ортаға  салды.

Әлима  Әлмерек

Суреттер: Түркістан облысы Әділет департаменті

 

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?