Түркістан: Жастар жәрмеңкеден жұмыс табады

24 тамыз 2023, 15:54

 

Биылғы жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы төрт негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізілетіні жоспарланған болатын. Атап айтқанда, Президент Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету қолға алынып, іске асырылуда. Осы мәселелерді облыс әкімі Дархан Сатыбалды назарда ұстайтынын жыл басында ескертіп: «Тұрғындарды жұмыспен қамту жоспары жүйеленіп, сапалы орындалуы тиіс. Жауапты басқарма мен аудан, қала әкімдеріне осы бағытта жұмысты күшейтуді тапсырамын. Әсіресе, халық тығыз орналасқан аудандарда жағдай қиын. Тұрақты жұмыс орындары ашылуы керек», – деген тапсырма берді.

Биыл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, өңір басшысының бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланды. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса, 37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Осы жылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жоспарланды. Облыста бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізіліп, алдымен өтініш бергендер несиеге қол жеткізді.

 

Жастарды жұмыспен қамту мақсатында жиі өткізілетін бос орындар жәрмеңкесінің де пайдасы бар. Мәселен, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен облыс жастарының жұмыссыздық деңгейін төмендету және жоғарғы оқу орындарын бітірген жастарды жұмысқа тарту, аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарының бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жәрмеңкеге 17 аудандық және қалалық жастар ресурстық орталықтарының жауапты мамандары келіп, өздері жұмыс істейтін мекемедегі бос жұмыс орындары бойынша келген жұмыс іздеуші жастарға тұсірдірме жұмыстарын жүргізді. Жұмысқа орналасу үшін қандай құжаттар қажет екендігін айтып берді. Соңғы мағлұмат бойынша, бүгінгі күні аудан, қаладағы «Жастар ресурстық орталықтарында» 59 бос жұмыс орны бар.

 


Түркістан облысында биылғы жылдың ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 15-35 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3 пайызды (12 186 жас) құрап отыр.

Биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» жүзеге асыруға 84,0 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 72 129 адам жұмыспен қамтуға жолданды. Оның ішінде жастар 33 252 (46,1%). Тұрақты жұмыс орындарына 21 073 азаматтар жұмысқа жолданып, оның 10 016 жастар (47,5%).

Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті қолдау уақытша жұмыс орындар сипатындағы жұмыспен қамту шараларына  28 758 азаматтар жолданып, оның 11 927 жастар (41,4 %) құрады.

Сондай-ақ дипломы бар, жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналастыру бағытында мемлекеттік бағдарламалар негізінде әрбір аудан, қалада жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде 165 820 жасқа кеңес берілді. Атап айтсақ, білім – 44 083; («Серпін» бағдарламасы – 28 189;  «Болашақ» – 9 523; Қысқа мерзімді оқыту – 5525,); жұмыспен қамту – 54 212; «Жастар практикасы» – 19 557; Қоғамдық жұмыстар – 15 475;  «Жасыл ел» – 9 312; «Дипломмен ауылға» – 8 768; Студенттік құрылыс отряды – 666; кәсіпкерлік – 60 811; Жұмыссыз жастарға арналған гранттар – 16 920; «Бизнестің жол картасы-2025» – 10 404; Төмен пайызды несие – 33 132; тұрғын үй – 3 290; өзге де мәселелер бойынша 3 424 жасқа кеңес берілді.

Облыс көлемінде бүгінгі күнге дейін, мемлекеттік бағдарламалар, соның ішінде «Жастар практикасы» арқылы 3167 жас, «Қоғамдық жұмысқа» — 5893, «Әлеуметтік жұмыс орны» негізінде  — 1668 жас және «Алғашқы жұмыс орны» арқылы 1199 жас жұмыспен қамтылды. Облыстағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастарды жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізіледі.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз