Түркістан: Жастар спортпен айналысуы үшін заманауи спорт кешендері бой көтеруде

17 тамыз 2023, 16:07

 

Біздің елімізде тамыздың үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі. Бұқаралық спортты дамыту, әсіресе, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда бұл күннің өзіндік мәні бар.  Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай,  Спорт күніне орай орталық саябақта мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов және ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә.Жаншуақов, ауданындағы бірқатар дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлері, спорт ардагерлері қатысты.

Аудан басшысы осы өңірден шыққан спортшыларының жетістіктерін тілге тиек ете келе, аудандағы спорт саласының материалдық-техникалық базасының нығайып келе жатқанына тоқталып, спорт саласының майталмандарын төл мерекелерімен құттықтады.

«Бүгінгі таңда ауданда спортты дамыту бағытында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Жастардың спортпен жүйелі түрде айналысуы үшін Құрама және Жылға елді мекендерінде заманауи үлгідегі спорт кешендерінің құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ 2022 жылы 3 ашық спорт алаңшасы, 1 үлкен футбол алаңы салынып пайдалануға берілді. Биылғы жылы Тегісшіл ауылында және Қабланбек ауылдық округінің, Зах елді мекенінде агық спорт алаңшасы салыну жоспарлануда. Осынау айтулы мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміздің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!» — деп аудан әкімі Арман Абдуллаев ақ жарма тілегін жеткізіп, спорт саласының үздіктеріне «Алғыс хаттар» мен бағалы сыйлықтарын табыстады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы С.Тасқұлов түрлі байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап жүрген жас спортшыларды,  спорт саласының қызметкерлерін құттықтап, ізгі тілектерін жеткізіп, марапаттады.

Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, өнерпаздар жиналған көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айдос Құсайынұлы

 

07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз