Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық дәрістер өтті

27 қыркүйек, 14:59

Түркістан облысында отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Арыста «Тәрбие тал бесіктен басталады» атты дәріс өтті

Түркістан облысы Арыс аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Мырзахметова мен Жастар ресурстық орталығының психологы А. Үсен жоғарғы сынып оқушылары арасында «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбында түсіндіру сабағын өткізді.
Іс-шара барысында балаларға отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және олардың заңды құқықтары бойынша түсіндірілді. Полицейлер оқушыларға мұндай жағдайларда олар әрдайым мектеп психологына, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға жүгіне алатындығын еске салды.


Айта кету керек, әр мектепке ювеналды полиция инспекторлары бекітілген, олар жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен оқушылар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оқу орындарында күн сайын кезекшілік етеді.
Кездесу соңында полиция қызметкерлері оқушыларды тәртіпті болуға, жақсы оқуға, уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Ұстаздар қауымы қонақтарға балаларды құқықтық ақпараттандырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Пробация есебінде тұрғандармен кездесу өтті
Түркістан облысы Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айгүл Өтебаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Яғни іс-шарада полиция, аудандық пробация қызметі, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» мамандары бірлесіп, пробация есебінде тұратын азаматтармен «Адалдық, парасаттылық, әділдік!» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелде пробация қызметі есебіндегі азаматтарды жұмысқа тарту, оларды қоғамға бейімдеу, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағыт-бағдар беріп, қоғамдық жұмыстарға орналасуға түрлі жобаларға қатысуға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сауалнама алынып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша брошюралар таратылды. Ал пробация қызметі есебіндегі азаматтар өз ойындағы сұрақтарын қойып, арнайы мамандардан жауап алды.
Төлеби ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Төлеби ауданы полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Б.Өмірсеріковтің ұйымдастыруымен № 1 мектеп-гимназиясында оқушылармен олардың ата-аналарымен кездесу өтті. Жиында кәмелетке толмағандардың қылмысын ерте алдын алудың негізгі құралы құқықтық сананы дұрыс тәрбиелеу екені айтылды. Снымен қатар жиынға қатысушыларға ең бастысы, әр шаңырақтағы әкенің рөлі. Әке- отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі-баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы жайында айтылып, тақырып жан-жақты талқыланды. Жиын соңында ата-ана мен баланың қарым-қатынасы, жастар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі сынды мәселелер айтылды.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?