jasqazaq.kz

Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді

16 сәуiр 2024, 12:24

Түркістан өңірінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Облыстың Сауран ауданында полиция қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша сабақ өткізді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесуде полицейлер қоғамдағы құқық бұзушылықтың себептері, оның алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шаралар жайында әңгімелеп берді. Жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу, қылмысқа тартылуына жол бермеу, темекі мен электронды шылымның денсаулыққа зияны сөз болды.

Сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың түнгі уақытта ойынхана мен кафе мекемелерінде ата-анасының қарауынсыз жүрген жағдайда айыппұл төлейтіндері ескертілді.

Іс-шара соңында полицейлер балалардан келіп түскен сұрақтарға жауап беріп, оқушыларды мұқият болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Сонымен қатар Сауран ауданы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде «Сіздің жолаушыңыз – бала!» акциясы басталды.

Акция кәмелетке толмағандардың кінәсінен және қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуды көздейді.
Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан көлемінде рейдік профилактикалық іс-шараны да бастап кетті.
Рейдтің мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сату, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің ілесіп жүруінсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан тыс аумақта болу жайттарының алдын алу.

Рейд барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді, заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға мүлдем темекі мен алкоголь өнімдерін сатуға болмайтындығы жайында ескертілді.

Әлима Әлмерек
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді