Түркістан: Заңы мығым елдің келешегі кемел

02 қыркүйек, 14:25

Қоғамда заңдылық пен әділеттілікті орнату ісінде ішкі істер саласы қызметкерлеріне жүктелер міндет те, жауапкершілік те жоғары. Осынау аманатты Түркістан облысының құқық қорғау органдары қалай арқалап келеді? Әділеттілік салтанат құрған қоғамда заң аяққа тапталмайтыны белгілі. Бұл үдеден қаншалықты шыға алып жүрміз? Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің атқарған жұмысы жүйеліліктің, орнықты басқару ісінің жолға қойылғанын анықтап бергендей.

2023 жылы Есенғали Бейсебаев Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалғаннан соң, аудан аумағындағы елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен кездесу жұмыстары жүргізілді. Осы кездесулерде ауданның әр аумақтарында өткізу кезінде әр түрлі мәселелер қозғалды. Оның ішінде аудан аумағындағы мал ұрлығы, алаяқтық қылмыстары туралы, аудан аумағындағы орналасқан білім беру ұйымдарының маңындағы оқушылардың жол көлік оқиғаларынан қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және де аудан аумағынан өтетін республикалық маңызы бар «Алматы-Термез» тас жолы бойында жылдамдықты өлшеу құралдарын орнату жайлы уәждері айтылған болатын. Аудан тұрғындарының уәждері бойынша полиция бөлімінің қызметкерлеріне нұсқау тапсырмалары беріліп, бірқатар жұмыстар жүйелі түрде үздіксіз атқарылуда. Мәселен, мал ұрлығы қылмыстарын алдын алу үшін полиция қызметкерлерімен бақташы, ауыл әкімі және мал иесінің арасында үш жақты келісім шарттар жасау, мал ұрлығын болдырмау мақсатында учаскелік полиция инспекторларымен өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтарда профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және бағу қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 408 бабымен әкімшілік шаралар қабылдануда. Осы бағытта жыл басынан жалпы 141 тұлғаға әкімшілік хаттама түзілді.

Сондай-ақ аудан аумағында алаяқтық қылмыстарын және ұрлық қылмыстарын алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда хабарлама парақшаларын, ескертпе парақшаларын ілу, тұрғындарға тарқату және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Есенғали Бейсенбаев полиция бөлімін басқаруға тағайындалғаннан бері аудан аумағына бейнекамераларды орнату үшін ұсыныстарды құзырлы органдарға жолдаған болатын. Осы жұмыстардың нәтижесінде Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің маңына алты дана бейнекамера және екі дана әкімшілік құқық бұзушылықтарды автоматтандырылған режимде есепке алатын «СЕРГЕК» камералары орнатылды. Сарыағаш қаласының аумағында істен шыққан бейнекамераларды тексеру жұмыстары жүргізіліп, аудан әкімдігіне ұсыныс енгізілді. Қазіргі таңда осы бейнекамералардың 25 данасы қайта іске қосылды, қалған бейнекамераларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағындағы мектеп алдарына «Абайлаңыз, балалар» ескерту тақтайшалары жол бойларына полиция бөлімінің берген ұсынысының негізінде қойылды. Сонымен бірге полиция бөліміне қоғамдық көмекші ретінде тартылған сақшы сарбаздарды жол бойында орналасқан мектептерге өтетін жаяу жүргінші жолақтарына қызмет атқару үшін бекітілді.

Сарыағаш полиция бөлімінің басшысы Есенғали Бейсебаев былай дейді: «Қызметке тағайындалған уақыттан бері ауданымыздың тұрғындары тарапынан айтылған сын-ескертпелері мен уәждері және де аудан тұрғындары маған жеке қабылдауға келгендегі өтініштері мен арыз шағымдары бойынша жүйелі түрде қызметтер атқарылып, тиісті жұмыстар жасалып жатыр.
Аудан тұрғындарымен етене қызмет атқару барысында «Ауладағы кездесу» акциялары жүргізіліп, жергілікті тұрғындарға жақын болу және полицияның сервистік моделіне көшу мақсатындағы жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда елімізге мопед, скутер және әр түрлі екі доңғалақты мотоциклдердің көптеп келуіне байланысты және осы құралдардың кесірінен орын алатын жол-көлік оқиғаларыының алдын алу мақсатында халық көп шоғырланатын орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, күнделікті профилактикалық жұмыстарды жүргізу барысында кәмелетке толмағандардың екі доңғалақты мотоциклдерді басқару деректерін анықтау, оларға жол көлік оқиғасының салдарын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр».

Сарыағаш ауданы аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыру, азаматтарға полиция қызметтерінің жұмыстарын көрсету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік модельді енгізу бойынша аудан әкіміне хат жолданып, аудандық мүдделі жергілікті мемлекеттік органдардың, оның ішінде прокуратура, төтенше жағдай, ҚАЖ пробация қызметі, жұмыспен қамту орталығы, денсаулық сақтау мекемесі, адами әлеуетті дамыту бөлімі және жастар орталығы басшыларымен жұмыс кездесулері өткізілуде. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап аудан аумағында мемлекеттік мекеме қызметкерімен бірлесіп, халыққа бір табан жақын қарым-қатынаста қызмет атқару үшін оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында сервистік модельде жұмыс атқару бойынша топ құрылып, осы топпен халықтың полиция қызметкерлеріне деген сенімін арттыру мақсатында жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек, полиция қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметшілерге деген халықтың сенімін нығайту мақсатында цифровизациялау жүйесі дамытылуда. Оның ішінде полиция қызметкерлеріне деген халықтың көз қарасын жақсарту мақсатында әр бір жасалып жатқан қызметтік іс әрекеттері бейне бақылау жүйесі арқылы және жаңадан енгізілген жүйелері арқылы бақылануда.

Сарыағаш ауданы көлеміндегі республикалық, облыстық және қалалық елді-мекендердегі автомобиль жолдары мен көшелерінде жол апатын алдын алу мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Нақты айтқанда, тас жолдардағы кемшіліктер, яғни ойлы-шұңқырлы, қауіпті аймақтар, көру белсенділігі төмен аумақтар анықталып, оларды жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тиісті жауапты мекемелерге ұйғарымдар жолданған.

Жыл басынан бері Сарыағаш ауданында анықталған автомобиль жолдарындағы кемшіліктерді жою мақсатында жалпы 165 ұйғарым берілген. Оның 62-сі республикалық тас жолдарға қатысты, ал 53-і облыстық тас жолдарға қатысты болса, қалған 50-і қала елді-мекендердегі автомобиль жолдарына қатысты жолданған. Осы анықталған кемшіліктер ішінде қыс мезгілінен кейінгі бұзылған көшелер, ескірген жол белгілері, көрінбей қалған жаяу жүргінші жолақтары мен тас жолды бөлетін жолақ сызықтары, ақаулығы бар бағдаршамдар қамтылған. Соған сәйкес осы кемшіліктер тиісті жауапты мекемелермен орындалуда. Ал осы нұсқаулықтарды орындамағаны үшін лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы 3-бөлігімен әкімшілік хаттама түзіліп, аудандық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданған. Одан бөлек осындай кемшіліктерге жол бергені үшін лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігімен 14 хаттама толтырылды.

«Сонымен қатар, ауданымызға қарасты республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 12 дана жылдамдық өлшейтін бейнекамералар орнатылған. Олардың барлығы қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. Одан бөлек, Сарыағаш қаласы мен елді-мекендердегі қауіпті аймақт ар анықталып, осы жерлерге де жылдамдық өлшейтін бейнекамералар орнату туралы Түркістан облысы полиция департаментіне ұсыныс хат жолданған», — дейді Есенғали Бейсебаев.

Сарыағаш ауданына қарасты облыстық маңызы бар және қала елді-мекендердегі автомобиль жолдарына жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергісін орнату жұмыстары жүргізілуде. Олардың басым көпшілігі елді-мекендердегі автомобиль жолдарына, нақты саны 45 жұпты, ал Сарыағаш қаласы аумағына 30 жұпты жасанды жол кедергісі белгісімен бірге орнатылған. Сондай-ақ ауданға қарасты барлық білім беру ұйымдарының алдына 2 данадан жасанды жол кедергісімен қамтамасыз етілген.

Елді мекендерде және ауылдық округтерде түнгі уақытта қараусыз жүрген жануарлардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында, жол жиектерін жалпы аудан бойынша 10 дана макет орнатылған.
Одан бөлек кәмелет жасына толмағандармен орын алатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында, аудан көлеміндегі барлық білім беру ұйымдарының алдына екі жақ бетінен «Абайлаңыз, балалар!» жол белгісі мен жасанды жол кедергісін орнату туралы ұйғарым жолданған. Алдағы оқу жылы басталғанға дейін осы белгілердің орнатылуы бақылауда болады.

Қуан Көшек

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген