jasqazaq.kz

Түркістан: «Заң және тәртіп» жобасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда

11 сәуiр 2024, 12:59

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция басқармасы «Заң және тәртіп» жобасы аясында жұмыс жүргізді. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Есенғали Бейсебаевтың нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың сәуір айының 8-10 күндері Сарыағаш ауданы көлемінде «Борышкер» жедел профилактикалық іс шарасы өткізілуде. Бұл іс-шараның мақсаты – аудан аумағында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдарды ерікті және мәжбүрлі түрде өндіру жұмыстарын жандандыру. Сарыағаш ауданы полиция бөлімнің қызметкерлері жеке сот орындаушылармен бірлесіп, айыппұл төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды анықтады. Осыдан кейін айыппұл өндіру жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, 443 040 теңге айыппұлы төленбеген азаматтың басқаруындағы автокөлігі айып тұрағына қойылып, тиісті айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

Сонымен қатар Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» алдын-алу профилактикалық іс-шарасын тұрақты түрде өткізеді. Мұндағы мақсат – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты және оларға қатысты жасалатын қылмыстың алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольдi iшiмдiктердi, темекі өнімдерін сату, түнгі уақытта олардың заңды өкілдерсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуын анықтау. Сонымен бірге олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдерді құқықбұзушылыққа немесе қылмыс жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау, балалардың еңбегін пайдалануды болдырмау бағытында да жұмыс жүргізіледі.

«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш ауданы аумағында рейдтер ұйымдастырылып, тексеру жұмыстары атқарылуда.

Мақпал Махаметқызы
Түркістан облысы
Суреттер Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді