Түркістан: «Заң мен тәртіп» қағидаты – баршаға ортақ

03 шiлде, 16:07

Түркістан өңірінің құқық қорғау органдары қауіпсіз қоғам құру, «Заң мен тәртіп» қағидатының сақталуы бағытында қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Биыл облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен «Профилактика жылы» деп жарияланғаны белгілі. Бұл жұмыстың атқарылу барысы облыстың екі ауданындағы полиция басшыларының есебі департаментте тыңдалды.

Пәтер ұрлығы мен алаяқтық азайды

Полиция генерал-майоры М.Қабденов жиналыс өткізіп, Арыс, Шардара аудандарының жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қарап шықты.

Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығы Б.Қуатов өз баяндамасында: «Өткен жылғы қылмыс динамикасымен салыстырсақ, ағымдағы жылы қылмыс 30,2 пайызға кеміді. Жалпы істердің ашылу пайызы 91,7 пайызды құрады. Оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау 38,5 пайызға төмендеген. Пәтер ұрлығы 50 пайызға, алаяқтық 64,3 пайызға азайған.

Жыл басынан бері интернет алаяқтық, сонымен қатар теріс ағымға түсіп кетудің алдын-алу бағытында Арыс ауданы тұрғындарымен 12 кездесу өткізілді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полициямен 1945 хаттама түзілген. Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша қорғау нұсқамасы қойылғаны – 84, ерекше талап белгіленгені –7», — деп атап өтті.
Ал Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы: «Аудан көлемінде профилактикалық іс-шаралар күшейтілуде, қылмыстардың алдын-алу бағыты бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастырылуда», — деді.

Одан бөлек, ауданның полиция басшылары жол көлік оқиғаларының алдын-алу және қорғау жүйесі арқылы жұмысты жақсарту мақсатында сергек бейнекамераларын орналастыру сияқты бірқатар қажеттіліктер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Интернет алаяққа алданбау – өз қолыңда

Түркістанда қоғамдық көлікте интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі тіршілікті телефон мен ғаламторсыз елестету қиын. Азық-түлікке тапсырыс беру, төлемдерді төлеу, киім сатып алу және тағы басқаларды үйден шықпай-ақ тындыру уақыт үнемдейді. Алайда таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, зияны да жоқ емес. Әсіресе, соңғы кезде интернеттегі алаяқтықтан зардап шеккен азаматтар полицияға жиі жүгінетін болды.

Сондықтан интернет ресурстар арқылы алаяқтықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің мамандары облыс көлемінде профилактикалық шаралар жүргізді. Шара барысында 52 қоғамдық автокөлікке ескертпе жазбалары ілінді, кинотеатрларда әрбір бейнефильм алдында ескертпе бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар сауда орталықтарындағы Led-экрандарда бейнероликтер көрсетіліп, облыс аумағында 42 билборд ілінді. Қазіргі таңда полицейлер халық көп шоғырланатын орындарда, қоғамдық көліктерде осы бағытта профилактикалық шараларды жалғастырып жатыр.

«Таза Қазақстан»: тәртіп сақшылары тазалық сақтауға шақырды

Түркістан облысының бас полицейі Мұрат Қабенов облыста «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады.

Полиция департаментінің бастығының төрағалығымен аппараттық кеңеске аппараттың салалық құрылым басшылары мен аудандық, қалалық полиция басқармасының, бөлім басшылары қатысты. Жиында облыс көлеміндегі жедел жағдай ахуалы, мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу мен «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.
Облыстың бас полицейі Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бойынша соңғы мәліметтерді қарап, нақты тапсырмалар берді. Айталық, тәртіп сақшылары тарапынан белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жәйттері бойынша жыл басынан бері 20 мыңнан астам дерек анықталған. Оның ішінде ортақ пайдаланатын орындарды ластаудың 12 259 құқық бұзушылығы тіркелген. Абаттандыру ережелерін бұзудың 4175 құқық бұзушылығы анықталған. Оның 4028-іне ескерту жасалып, 147 тұрғынға айыппұл салынған.

Бәйдібек ауданының полиция қызметкерлері де «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ауылдар мен елді мекендерді абаттандыру және ортақ пайдаланатын орындарды ластаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.
Шара барысында полицейлер аудан аумағынан 360-тан астам құқық бұзушылықты анықтап, хаттама толтырды. Полиция азаматтарды «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтап, облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, қоршаған ортаны қорғауға шақырды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу керек

Түркістан облысы Полиция департаментінде полицейлер арасындағы тәртіп пен заңдылықты одан ары нығайтып, сыбайлас жемқорлық және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша ауқымды іс-шара өтті. Жиынға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Қ. Сахов төрағалық етті. Ал қалалық, аудандық полицияның басшы құрамы селектор арқылы қосылды.

Жиында жеке құрамға қай істе болмасын, бірінші кезекте адал, мінсіз атқарудың парыз екенін баса айтты. Сонымен қатар аталған жиында департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен түсірілген бейнефильмдер көрсетілді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты заңның баршаға ортақ екеніне меңзейтінін жеткізілді.
Атқарылған жұмыстарды саралап, баяндамалар тыңдалғаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту мақсатында, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға жоспар құрылып, нақты міндеттер берілді.

Айдос Құсайынұлы

Суреттер: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген