Түркістан: Түсіндіру жұмыстарының маңызы зор

25 маусым, 16:09

Биылғы 15 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңға қол қойды.

Жаңа заң әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейтуді көздейді.
Осы орайда бүкіл ел аумағында жаңа заңның нормаларын түсіндіру жұмыстары жүргзіліп жатыр. Өзге өңірлер сияқты, Түркістан облысында да заңды жан-жақты түсіндіру жұмыстары қарқынды.

Айқай-шумен емес, ақылмен шешуге шақырды

Түркістан облысы полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес, Отырар аудандық полиция бөлімінің және Төтенше жағдайлар қызмет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Отбасылық зорлық зомбылыққа жол жоқ» акциясы өті. Аудандық мәдениет сарайының кіші залында өткен бұл шараның мақсаты – «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу».

Жиын барысында сала мамандары жоғарыдағы аталған мәселелер төңірегінде талқылаулар жүргізіп, Отырар аудандық полиция бөлімінің әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Зүбайра Нәдірова «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңға енген өзгерістерге тоқталып өтті. Бұрын ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық ретінде сараланып келсе, енді осы тектес қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Жазаларға 80-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту және 50 тәулікке дейін қамауға алу жатады. Жәбірленушіні азаптағаны үшін 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіргені үшін – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Жиынға қатысқан сала мамандары: «Отан – отбасынан басталады. Отбасында татулықтың берік және ынтымақтың биік болуын қаласақ, кездескен кедергілерді айқай-шумен емес, ақылмен шешуге шақырамыз», — деп қортындылады.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Сондай-ақ Созақ ауданында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес, 24 маусым күні аудандық төтенше жағдай бөлімінің жеке құрам қызметкерлерімен бірлесіп, «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты республикалық акциясы өтті.

Аталған іс-шараға Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы мен аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қанат Ақбаев, Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова, «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» секторының маманы Біржан Саржанов, психологы Құралай Ыдырысова қатысты.

Шара барысында Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы Айжан Манапова Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 15 сәуір күні «Қазақстан Республикасынның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылғандығы туралы айтып өтіп, сол заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл заңның отбасылық ортада зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналғанын түсіндірді.

Лудоманияның таралуына жол бермеу талқыланды

Бүгінгі күні қоғамды алаңдатып отырған өткір мәселенің бірі – құмар ойынға салыну. Бұл мәселеде, әсіресе, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің осы бір ауыр дерттен бойын аулақ салуына айрықша маңыз беріледі. Осы мақсатта да түсіндіру жұмыстары қолға алынған.

Күні кеше Түркістан облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында ішкі істер органының ардагері Мұхтар Ермековтің төрағалығымен консультативті кеңесші органның отырысы өтті. Оған полиция полковнигі Б.Сапар, ІІО-ның ардагері Оспанғазы Жанқожаев, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері Сейдулла Садықов, мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, «Түркістан» газеті редакциясының бас директоры М. Дәулетов және жеке құрам қатысты.

Күн тәртібінде полиция қызметкерлерінің құмар ойындарға тәуелділікті, яғни лудоманияға қатысты мәселелер қаралды. Тақырыпқа орай баяндамашы департаменттің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Жеке құрам инспекциясы қызметкерлерімен ұдайы алдын алу шаралары өткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында орын алып жатқан қылмыстар мен оның алдын алу мақсатындағы іс-шаралар туралы айтылды.
Айталық, жыл басынан бері полицейлермен атқарылған жұмыс нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 12,5 пайызға төмендеген. «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және жауапкершілік», «Абайлаңыз балалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары мен түнгі рейдтер жалғасуда.

Жиын соңында консультативті-кеңесші органның мүшелері көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Айдос Құсайынұлы,

Суреттер: Түркістан облысы ПД Баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген