jasqazaq.kz

Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация

07 тамыз 2024, 14:33

Елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы» заңның күшіне енгеніне көп уақыт өткен жоқ. Қазіргі уақытта тұрғындар арасында заң нормаларын түсіндіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Айталық, Түркістан облысы Жетісай аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция лейтенанты М.Мақтабек, «Жетісай ауданы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық тобының» жетекшісі А.Шойғараевамен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мұндағы мақсат — биылғы жылға арналған операциялық жоспарына сәйкес қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасы рөлін нығайту. Бұл бағытта аудан көлемінде халықты ана мен баланы қорғауға шақырды.

Сонымен қатар қыз-келіншектерге «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында жадынамалар таратылды.
Сондай-ақ облыста қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу үшін олардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы қызмет түрлері де назардан тыс қалмайды.

Сауран аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Данияр Түймебаевтың төрағалығымен пробация бойынша жиын өтті.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру, оларға басқа да әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жандандыру бойынша жыл басынан бері атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Өткен жылы пробация есебінде 65 азамат тіркелсе, биыл 80 азамат тіркеліп, бақылауға алынған.
Сонымен қатар жиында пробация есебінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің басқа да жолдары қарастырылып, келесі жылы жұмыстарды бұдан да жандандыру керектігі айтылды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге