jasqazaq.kz

Түркістан: тұрмыстық қорлық-зомбылық пен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді

15 тамыз 2024, 14:32

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бермеуді көздейтін заң қабылданып, күшіне енгелі осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары кең ауқымда атқарылып жатыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, құқықтық сауаттылықты қалыптастыру, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту және полицияға деген сенімді арттыру мақсатында тәртіп сақшылары Түркістан облысының аумағында профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізіп келеді.
Мәселен, Кентау қалалық полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының мамандарымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған және оларға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылған тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын атқарды.
Полицейлер азаматтарға «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңын, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өзгерістер мен қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіріп, ақпараттық жадынамалар таратты.
Сондай-ақ қорғау нұсқамасы бұзылған жағдайда құқық бұзушы жауапқа тартылатынын ескертті.
Тәртіп сақшылары мұндай жағдайға тап болған азаматтар тәуліктің кез келген уақытында сенім телефондары арқылы көмек сұрай алатынын атап өтті.


Сондай-ақ қоғамның ауыр дерті — сыбайлас жемқорлықпен күресте оған жол бермей, алдын алу маңызды. Осы орайда Түркістан өңірінде түрлі кездесулер мен жиындар жиі өткізіледі.
Айталық, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлеріне «Жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында жиналыс өткізілді. Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент өкілі Ерұлан Тұңғышбаев және әкім аппаратының басшысы Эльдар Темірханұлы мен полицияның жеке құрам қызметкерлері қатысты.
Кездесуде Ерұлан Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік құрылымдардың экономикасы аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығының салдарын айта келіп, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершіліктерді түсіндірді.
Өз кезегінде шараға қатысқан аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Айдос Арынбеков сөз алып, барлық жеке құрам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігін және полицейлердің елдегі сыбайлас жемқорлықпен бірігіп күресуге дайын екендігін жеткізді.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу