jasqazaq.kz

Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілді

18 мамыр 2024, 22:58

Елімізде құқықтық сауаттылықты арттыру жан-жақты қолға алынуда. Құзырлы органдар өз саласы бойынша тұрғындарға құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізуде. Түркістан облысы Әділет департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыстың Әділет департаментінің  ұйымдастыруымен өңірдегі ауылдық елдімекендердің тұрғындарына құқықтық сауаттылық бойынша дәрістер өткізілуде. Ең алдымен мамандар Шаға ауылдық округінің тұрғындарына, Әділет органдарына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Аталған шараға Департамент басшысының орынбасары Балжан Әліпбек, адвокаттармен, сот орындаушылармен, нотариустармен,заң консультанттарымен бірлесіп, азаматтардың Әділет органдарына қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен тегін құқықтық кеңес беру мақсатында Мақтарал ауданы Мырзакент кенті тұрғындарымен кездесулер өткізілді.

Іс шараның негiзгi мақсаты — зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетім балаларға, көп балалы отбасыларға және басқа да азаматтарға құқықтық кеңес берумен қолдау көрсету.

Сондай-ақ, осы іс-шара жемiстi және нәтижелi өткiзiлуі үшін құрамында Департамент пен оның құрылымдық филиалдарының білікті қызметкерлері, сот орындаушылары, нотариустар мен адвокаттары, сондай-ақ әлеуметтік сала мамандарынан құралған ақпараттық-насихаттық топ құқықтық көмек көрсетті. Іс-шара аясында тұрғындарға тегін заң көмегі көрсетіліп, білікті мамандар әр тұрғынның сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында қатысушылар өздеріне тиісті құқықтық көмектер алып, өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шара Түркістан облысының  Шардара қаласында да жалғасын тапты. Қала тұрғындары  арнайы мамандар тарапынан көрсетілген құқықтық көмекке өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақыттада осындай іс-шаралардың міндетті түрде ұйымдастырылуы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға өз үлесін қосатынын көрсетті.

Аталған шара өңірдегі Жетісай қаласында да ұйымдастырылды. Әділет департаментінің мамандары Жетісай тұрғындарына құқықтық сауаттылық бойынша семинар өткізіп, халықтық Әділет органы жұмысына қатысты сұрақтарына жауап берді. Аталған іс-шаралар ай соңына дейін Түркістан облысының өзге де елді мекендерінде жалғасатын болады. Мамандардың айтуынша, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған кездесулердің маңызы зор. Мамандар тұрғындармен жиі кездесу арқылы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарының тоқтамайтынын айтты.

Әділет органдарына қатысты мәселелерге қатысты Жетісай ауданының тұрғындармен кездесу өтті.

Аталған шараға Департамент қызметкерлері, адвокаттармен, сот орындаушылармен, нотариустармен, заң консультанттарымен сондай ақ “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Волонтерлік жобасының” еріктілері,

«Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісімен бірлесіп, азаматтардың әділет органдарына қатысты сауалдарына жауап беріп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында 50-ге жуық аудан тұрғындары құқықтық көмек алды. Сала мамандары ақпараттық жадынамалар таратты.

Әлима Әлмерек,

Суреттер: Түркістан облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді