jasqazaq.kz

Түркістан: Төлеби ауданында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

20 мамыр 2024, 13:18


Түркістан облысы Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша аудандық соттың және полиция бөлімінің қаулыларымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысы деңгейін жақсарту мақсатында 20-24 мамыр аралығында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізуде. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша Төлеби аудандық полиция бөлімінде арнайы штаб құрылып, нақты атқарылатын жұмыстың жоспары әзірленді. Бұл тұрғыда қойылған тапсырмаларды барынша орындауға полиция бөлімінің жеке құрамының қызметкерлері жұмылдырылды.
Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарынан заңда көрсетілген жеңілдіктерді пайдалана отырып, айыппұлды уақытылы төлеулерін сұрайды. Салынған әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда, борышкер тұлғаға қатысты арналған іс мәжбүрлі түрде өндіріп орындау мақсатында аймақтық жеке сот орындаушыларына жіберілетінін есте сақтаған жөн.
Сонымен қатар Төлеби ауданында Білім бөлімінің бастамасымен, Төлеби аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, білім ордаларында «Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбы ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған түсіндірме-тәрбие жұмыстарын бастады.


Өкінішке орай, Отырар ауданында жазатайым оқиға (мектеп жасындағы бір топ бала тыйым салынған жерде шомылып, нәтижесінде біреуі қаза тапты) орын алды. Полицейлер ата-аналар, заңды өкілдер, кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің назарында болуы тиіс екенін ескертеді.
Ең бастысы, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылған дұрыс. Тәртіп сақшылары тарапынан ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізіліп, ата-аналарға ескерту айтылды.
Аталған ауданда 15-20 мамыр аралығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім және жауапкершілік» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстары жүргізілді. Тәртіп сақшылары түнгі уақытта ата-ананың қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтап, олардың ата-аналарына ескерту айтылды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігіне бағытталған іс-шаралар полиция қызметкерлері тарапынан алдағы уақытта да жалғасады.

Әлима Әлмерек,
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді