jasqazaq.kz

Түркістан: теміржол вокзалдары жаңғыртылады

31 мамыр, 14:51

Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында теміржолдың маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Сондықтан биыл еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет Түркістан облысындағы тозығы жеткен теміржол вокзалдары жөндеуден өтпек. Жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз ететін маңызды көлік нысанын жаңғырту жолаушыларға жайлы жағдай жасауға ғана емес, туризм секторын дамытуға да оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, «Түркістан», «Манкент», «Түлкібас», «Сарыағаш», «Темір», «Арыс-2» теміржол вокзалдарына реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспаланған. Бұл вокзалдардың эскиз жобасы мен алдағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалағымен өткен кеңесте талқыланды.

Жобалармен танысқан облыс әкімі тарихи нысандардың үлгісін сақтай отырып, жаңғырту жұмыстарын жүргізу керек екенін айтып, жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма міндеттеді.
Нұралхан Көшеров: «Бұл теміржол вокзалдары – ғасырлық тарихи нысандар. Мүмкіндігінше, тарихи архитектурасын сақтай отырып, жаңартқан жөн. Барлық ғимараттар бір типті болсын. Өндірістік кесте жасап, құрылыс мерзімін нақтылайық. Құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды қолданыңыздар. Аудан, қала әкімдеріне құжаттандыру жұмыстарын жүргізуге 10 күн уақыт беремін, – деді.

Жиында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев облыстағы теміржол вокзалдарын реконструкциялау бойынша баяндады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикадағы 125 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстары жүргізілмек. Соның ішінде, Түркістан облысы көлемінде 6 теміржол вокзалы ұсынылды. Бүгінде «Түлкібас», «Арыс-2», «Манкент» және «Сарыағаш» теміржол вокзалдарының қызметі уақытша ғимаратқа ауыстырылып, демонтаж жұмыстарын жүргізу үшін аумағы қоршалды.

Қазіргі таңда мердігер мекемелер анықталды. Атап айтқанда, «Түлкібас», «Арыс-2», «Манкент» теміржол вокзалдарындағы жұмыстарды «Kanfar Building» ЖШС қолға алса, «Сарыағаш» және «Темір» теміржол вокзалдарындағы жұмыстарды «BOLD Construction Group» ЖШС жүргізетін болады. Ал, «Түркістан» теміржол вокзалы тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, ғылыми-реставрациялық және авторлық қадағалау жұмыстарын «Казреставрация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны атқармақ.

«Конструктор-80» ЖШС директорының орынбасары Қуаныш Асанов эскиз жобаларын ұсынып, ғимараттар мен құрылыстардың тірек конструкцияларының сенімділігі мен тұрақтылығына зерттеу жүргізілгендігін мәлімдеді. Бүгінде облыстағы 5 теміржол вокзалына реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

JQ-Aqparat
Сурет: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті