jasqazaq.kz

Түркістан: «Таза Қазақстан» акциясы аясында 6500-ден астам заң бұзушылық анықталды

26 маусым 2024, 13:12

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүкіл ел аумағында «Таза Қазақстан» жобасы жүзеге асып жатыр. Түркістан өңіріндегі полиция да өз үлесін қосып, профилактикалық іс-шараларды атқаруда.

Сәуір айының 8-нен бастап әр 7 күн ішінде «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» атты сенбіліктер Полиция департаменті мен қала, аудандағы полиция ғимараттарында, ал тұрғындарды тазалыққа шақыру мақсатында «Тазалық» іс-шарасы облыс аумағында өткізіліп тұрды.

Полицейлер «Таза Қазақстан» акциясы аясында 6500-ден астам заң бұзушылықты анықтады. Қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясын өткізу барысында, Түркістан облысының полицейлері 6 622 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты. Оның ішінде бейнебақылау камералары арқылы 251 құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары басқа да мемлекеттік органдар, қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, белгіленбеген жерлерге қоқыс шығару ережелерін бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында «нөлдік төзімділік» қағидаты бойынша 19 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 11581, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4112 тұрғын жауапқа тартылды. Сонымен қатар 3950 құқық бұзушыға ескерту жасалды. Мәселен, тәртіп сақшылары Сайрам ауданында қалдық суларды белгіленбеген жерге төккені үшін автокөлік жүргізушісіне шара көрді. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Ал ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабымен (жолдардың, теміржол өткелдерінің және басқа да жол құрылыстарының зақымдануы) 3 238 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Оған қоса, Полиция департаменті бөлімдерінің қызметкерлері апта сайын сенбіліктер ұйымдастырып, аулаларды жинау және абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ іргелес аумақтарға ағаштар мен жасыл желектер отырғызды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге