Түркістан: Тәртіп сақшысы – қауіпсіздік күзетінде

05 маусым, 14:32

Полиция қызметкерінің жұмысы кинодағыдай «романтикаға» толы емес, яғни күн ұзақ қылмыскерді ұстаумен айналыспайды. Күн сайын түрлі жол ережесін немесе тәртіп бұзғандарды жауапқа тарту, жұрттың жоғалған затын, тіпті баласын тауып беру сияқты мәселелерді шешуге тура келеді. Түркістан өңіріндегі тәртіп сақшылары да бір күнде бірнеше оқиғаны бастан кешіреді.

Браконьерлер құтыла алмады

Түркістан облысында браконьерлікпен күрес қарқынды жүріп жатыр.

Күні кеше тәртіп сақшылары браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіледі.

Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, 156 құқық бұзушылықты анықтады. Браконьерлерден 580 кг балық, шамамен 1500 м балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

 

Сондай-ақ тәртіп сақшылары балық инспекторларымен бірлесіп, Ордабасы ауданынан Арыс қаласының екі тұрғынын анықтады. Олардан қайық пен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.

Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері Бөген, Көксарай және Шардара сияқты өзендер мен су қоймаларын қараусыз қалдырған қайықтар мен балық аулау торларынан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

Жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында мемлекеттік нөмірді алып тастап, көлікке қызылды-көк жарықшамдар орналастырып, әрі жол ережесін сақтамай екі көліктің ызғытып бара жатқаны анықталды. Олар көше бойында өзге көліктерге кедергі келтіріп, апаттық жағдай туғызған.

Осы оқиғаны тексеру барысында құқық бұзушылық Ордабасы ауданы Темірлан елді-мекенінің орталық көшелерінің бірінде болғаны анықталды. Lada-21705 көлігінің жүргізушісі мен Lada-2114 автокөлігінің иелері 21-22 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.
Оларға қатысты жол ережесін өрескел бұзған бойынша әкімшілік іс қозғалып, жауапқа тартылып, автокөлік айыптұраққа жеткізілді.
Жүргізушілер кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкінді. Алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді.

Сәбиді анасымен қауыштырды

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күндіз-түні аянбай қызмет ететін тәртіп сақшылары кейде оқыс жағдайлардың куәсі болады. Өткенде Түркістан облысында сондай бір жәйт орын алды.

Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қоғырау шалды. Ер адам бір кішкентай сәбидің көшеде жалғыз өзі еңбектеп жүргенін хабарлап, дабыл қақты. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетті. Олар ең алдымен кішкентай баланың жағдайын білді. Содан кейін сәбидің туыстарын іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары жоғалған кішкентай қыздың ата-анасын анықтау үшін қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Аудандағы көшелерді тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Сөйтіп плиция қызметкерлері айналасы бір сағаттың ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасының кім екенін анықтады.

Сөйтсе, анасы үй шаруасымен айналысып жүргенде, 10 айлық балақан ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткен.
Сәбиімен қауышқан ана полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырды.

Айдос Құсайынұлы
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген