Түркістан: Тәртіп сақшысы әрдайым көмекке келеді

26 маусым, 14:35

Тәртіп сақшысы көпке үлгі болуы тиіс. Еліміздегі заң мен тәртіптің үстем болуын қадағалайтын полиция қызметкері салауатты өмір салтын ұстанып, оң имидж қалыптастыруға ұмтылады. Түркістан өңірінде осы мақсатта түрлі шаралар өткізіліп тұрады.

Мәселен, Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жуырда өткен полицейлер мерекесіне арналып барлық аудандық мемлекеттік мекемелер арасында спорттың бірнеше түрінен сайыс өтті. Аталмыш іс-шараға аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұрдәулет Әжібеков қатысып, барлық мемлекеттік қызметшілер мен полицейлерді төл мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде полиция бөлімінің басшысы барлық мамандықтың өзіне тән қиындығы мен жетістігі қатар жүретінін жеткізді.

Волейбол, үстел теннисі, гір тасын көтеру және суға жүзу секілді спорт түрлерінен өткен бұл сайыста жалпы командалық есепте Бәйдібек аудандық полиция бөлімі жүлделі бірінші орынға ие болды.

Сонымен қатар бірқатар тәріп сақшыларына елге қызмет етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуда көрсеткен қырағылығы үшін аудан әкімінің, мәслихат төрағасының және «Amanat» партиясы төрағасының атынан Алғыс хаттар табысталды. Достық пен біртұтастықты насихаттаған бұл спорт сайысы барлық мемлекеттік қызметшілердің басын біріктіріп, полиция мамандығына деген құрметті арттыра білді.

Полиция мамандығының оң имиджін қалыптастыруға күндіз-түні патруль қызметінде жүрген полицейлер де, сөзсіз, үлес қосады. Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан өздерінің қызмет барысы туралы айтып өтті. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілермен профилактикалық түсіндірме шараларын атқару, жол бойын қараусыз жайылып жүрген төрт түліктен тазарту, ең бастысы жол апатын болдырмау — полицейлердің күнделікті жұмысы.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, олардың міндеті хаттама толтыру емес, жүргізушілерді қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға дағдыландыру. Полицейлер жылдың қай мезгілінде болмасын, жолаушылар мен жүргізушілердің жанынан табылып, қажет сәтте жәрдем береді. Сондай-ақ қызмет атқару кезінде түрлі оқиғалармен кездесіп қалады.

Мәселен, биыл көктемде Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапарханнан республикалық маңызы бар «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолында тұрғындар көмек сұрайды. Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанында, Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді.

Еш ойланбастан Дәулет Сағынбаев суға секіріп кетіп, батып бара жатқан азаматқа жақындайды. Содан әріптесі екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады.

Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған.
Қиналған кезде көмекке келетін полиция қызметкері әрдайым осындай оқыс оқиғаларға дайын болып, көмек қолын созады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген