Түркістан: Тәртіп сақшылары қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

16 тамыз, 15:25

Түркістан облысының құқық қорғау органдары қоғамда заң мен тәртіпті, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін кешенді жұмыс жүргізуде. Облстың тәртіп сақшылары түнгі уақытта ойын-сауық орнында жүрген 224 жасөспірімді анықтап, 120 кәсіпкерді жауапқа тартты, деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер ұсталды

Түркістан облысында 900 мыңнан астам кәмелетке толмағандар бар, ал олардың қауіпсіздігі басты орында. Бұл бағытта Полиция департаментінің қызметкерлері мен басқа да құзырлы мемлекеттік органдар бірлесіп, жоспарға сай жұмыс жасап келеді.

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтер мен «Түнгі қаладағы балалар» «Жасөспірім және жауапкершілік», «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері құқық бұзушылыққа бейім 449 кәмелетке толмаған мен бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын 290 қолайсыз отбасы Ішкі істер органының есебіне алынды.

Тәртіп сақшыларымен түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрген 224 кәмелетке толмаған, ал тұрғын үйден тыс жерде жүрген 4864 жасөспірім анықталды.

Сағат 22:00 ден кейін ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз болуына жол берген 120 мекеме иесі жауапкершілікке тартылды. Ал кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар -3,8% төмендеді.

Көшені ластаған жүргізушілерге ескерту берілді

Полиция көшелерді ластап, бүлдірген 3700-ден астам көлік иелерін жауапқа тартты. Түркістан облысы полицейлерімен жолдарды, теміржол өтпелерін және басқа жол құрылыстарын бүлдіру бойынша 3 777 тұрғын әкімшілік шара көрілді. Бұл баптың бұзылуына тікелей құрылыс компаниялары жол беруде. Себебі құрылыс объектілерінен шығатын жерлерде арнайы техникалар мен жүк көліктерінің доңғалақтарын жуатын орындар жоқ. Аталған жүк көліктері үнемі таза емес күйде жолға шығып, Түркістан қаласының жолдарын ластауда. Арасында бірнеше рет жауапкершілікке тартылғандары да кездеседі. Жалпы «Нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін жайттар, яғни «Таза Қазақстан» аясында тәртіп сақшыларымен жыл басынан бері 24 665 дерек анықталып, әкімшілік шара қабылданды.Атап айтқанда, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бабымен 15 311 тұрғынға хаттама толтырылды.

Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру бабымен 5347 тұрғынға ескерту жасалып, 230-ына айыппұл салынды.

Арқар мүйізін жасырған қарт анықталды

 

Түркістан облысында полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздерін тәркіледі Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 69 жастағы қарт адамды қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін ұстады.

Полицейлер Бәйдібек ауданы тұрғынының үйін тінту кезінде, түрлі калибрлі 100-ге жуық патрон, 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, белгісіз жануардың мүйіздері мен алдын ала болжам бойынша арқардың еті, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелерді тауып тәркіледі.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Жеті тұрғынды сан соқтырған жалған жиһаз жасаушыны полиция анықтады

Алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталды

 

Түркістан облысы, Шардаралық полиция қызметкерлері алаяқтықтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 37 жастағы ер адамды ұстады. Анықталғандай, жәбірленуші үйіне жиһаз жасатамын деп жиһаз компаниясын жарнамалық сайтынан бейтаныс ер адамға алданып қалған. Еш күмән келтірмеген күдікті ер адам онымен келісім шарт жасасып алдын ала 600.000 теңге ақшасын алған. Алайда келісілген уақыт өткен соң сатып алушымен байланысын тоқтатқан. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамның дәл осыған ұқсас 7 жәйтқа қатысты алаяқтық қылмысын анықтады. Яғни оларғада арзан бағада жиһаз жасап беремін деп сан соқтырған. Жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 4.000000 теңге. Қазіргі таңда ер адамның ісі сотқа өтті.

 

JQ-Aqparat

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасз қызметі

 

 

 

 

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген