Түркістан: Тәртіп сақшылары футбол да ойнайды, мәнерлеп оқуды да меңгерген

04 қыркүйек, 16:03

Құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін жандар қоғам тыныштығын қаматамасыз етумен қоса, спортпен айналысып, түрлі байқауларға да қатысуға уақыт табады. Соңғы күндері тәртіп сақшылары өткізген бірнеше іс-шараға тоқтала кетейік.

Полиция футболдан жарыс өткізді

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен учаскелік полиция инспекторларының құрылғанына 101 жыл болуына орай және және қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің құрметіне салалық қызмет құрылымдары арасында футболдан жарыс өткізілді.
Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бұл шара полиция қызметкерлерінің оң имиджін нығайту мен қызметкерлер арасында спортты, оның ішінде шағын футболды кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Сайысқа бес команда қатысып, өзара бақ сынасты. Қызметкерлер арасында спортты дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын тартысты ойында Жетісай аудандық учаскелік полиция инспекторлар командасы І орынды, кәмелетке толмаған істер жөніндегі полиция инспекторлар командасы ІІ орынды, тергеу бөлімшесі, анықтау бөлімшесі, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ІІІ орынды жеңіп алды.
Полицейлердің спортқа деген қызығушылығын артыруға арналған бұндай шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Патрульге арналған практикалық сабақ өтті

Статистика көрсеткендей, тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл дүниежүзі бойынша жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан болатын өлім мен жарақат фактілері азаймай отыр.
Осы орайда Мақтаарал ауданының полиция бөлімінің бастығы Е.Амантаевтың төрағалығымен анықтау және тергеу тобының қызметкерлерімен жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда оқиға орнына дереу жететін жедел-тергеу тобы мен патрульдік полиция тобы қызметкерлерінің қалай жұмыс атқару керектігі бойынша жас мамандарға арнайы сабақ өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты — жас мамандарды кәсіби дағдыларға үйрету және жол-көлік оқиғаларының фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеудегі сапасын арттыру. Ашық аспан астында өткен семинар-кеңес, күндізгі және түнгі уақыттағы жол-көлік оқиғасы болған жерді тексеру ерекшеліктеріне арналды. Сондай-ақ жас қызметкерлерге жол-көлік оқиғасы сызбасын жасау кезінде ескерілуі тиіс заттар туралы айтылды.
Жаттығу барысында тәртіп бұзушыларды ұстау кезіндегі полицейлердің іс-қимыл алгоритмдері пысықталды. Қызметкерлер психологиялық тұрғыдан да дайындалды. Әсіресе сыртқы қызмет мамандары. Себебі олар күн сайын түрлі құқық бұзушылыққа тап болады, деді полиция бастығы Е.Амантаев.

Полицейлер мәнерлеп оқу байқауына қатысты

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай түркістан облыстық Полиция департаментінде «Мемлекеттік тіл — менің тілім» атты тіл апталығы бастау алды. Осы апталық аясында «Тілім менің- тірлігімнің айғағы» тақырыбында ұлты өзге полицейлер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Сайыстың мақсаты — полиция қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру және мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау. Байқауға қатысушы өзге ұлт өкілдері өздерін қазақ тілінде таныстыра отырып, еліміздің белгілі ақын-жазушыларының шығармашылығынан жатқа өлең оқыды.
Өзге ұлт өкілдерінің тілге деген құрметінің шексіздігін танытқан бұл сайыста жүлделі І-орынды Сайрам ауданынан келген учаскелік полиция инспекторы Азиз Толқынұлы Убайдуллаев иемденсе, ІІ-орынды Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полиция лейтенанты Диас Мұхитдинұлы Абдазимов алды. Ал жүлделі ІІІ-орын Арыс аудандық полиция бөлімі штаб тобының аға инспекторы Крокус Мади Михаиловичке бұйырды.
Жеңімпаз полицейлерге облыстық Полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабедновтың грамотасы мен бағалы сыйлық табысталды.

JQ-Aqparat
Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?