Түркістан: Сот әкімшілігінде ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға мән беріледі

04 маусым, 15:17

Құқық қорғау мекемелеріндегі жұмыс барысында еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, әріптестермен, сондай-ақ судьялармен және сот процестеріне қатысушылармен қарым-қатынаста субординацияны, ұжым арасындағы оң микроклиматты сақтаудың өз тәртібі бар. Сондықтан осы бағытта түсіндіру жұмыстары өткізіліп тұрады.

Жуырда Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Жұмаділовтің қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге қойылатын әдеп нормалары, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Жұматай, Түркістан облысы дін істері басқармасының діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Жүсіпбек, Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек және осы бөлімнің директоры М.Халықов, ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген сот әкімшілерінің басшылары мен сот қызметкерлері қатысты.

Кездесуді Д.Жұмаділов ашық деп жариялап, сот мамандары жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін жағдайларға жол бермеуге, азаматтардың сотқа деген сенімін нығайту мақсатында мінез-құлықтың жоғары стандарттарын көрсетуге міндетті екеніне тоқталды.

Өз кезегінде Е.Жұматай Түркістан облысының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің тәртіптік комиссияға тартылғандардың статистикалық мәліметтерін жеткізіп, сол тәртіптік материалдарынан нақты мысалдар келтірді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да әдеп нормаларын ұстанып, өздерін тиісті түрде ұстау қажеттігін түсіндірді.

Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ж.Абдукаримов соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ойын мекемелеріне барудан тартыну қажеттігі жөнінде ескертпе жасап, судьялар мен сотқа келушілердің процессуалдық емес қатынастарына жол бермеу тапсырылды.

Сонымен қатар режимдік нысандарға кіру және шығу тәртіптерін түсіндіріп, арнайы кіру және шығу уақыттарын тіркейтін арнайы карталарын арқылы жүру қажеттігі ескертілді.

Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек Әдеп Кодексінің 8-бабының 8-тармақшасына сәйкес, өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу тиіс екенін түсіндірді.

Сондай-ақ елімізде сот шешімдерімен деструктивті діни ағымдар деп танылған ұғымдар жөнінде сөз қозғап, олардан аулақ болуы жөнінде және оларды қалай ажыратуға болатынын түсіндірді. Әлеуметтік желілерді пайдалану уақыттында осындай жарияланымдардан абай болуды және оларды таратпау жөнінде түсіндірді.

Жиын соңында Д.Жұмаділов талқыланған мәселелерді соттың қызметкерлеріне жеткізуді, оларды қатаң ұстануы жөнінде шараларды қабылдау туралы тапсырма берді.

JQ-Aqparat

Суреттер: Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген